Рухты әйелдер туралы 10 фильм

Рух – адамның ерік-жігері, күші мен ақылының жиынтық формасы. Адам баласын ешқашан құлатпайтын бұл қасиеттің әйел адам бойында кездесуін даналықпен бейнелейміз. Бүгін сіздерге рухты әйелдер туралы түсірілген кино картиналардың жинағын ұсынамыз.

1. "Ана мен бала" (Мать и дитя)
Жыл: 2009
Ел: АҚШ, Испания

Ана мен бала арасындағы қарым-қатынас қана біріктіретін үш түрлі әйел болмысы. Бір-бірімен қиылыспайтын үш оқиға. Әрбір әйел өзінше батылдық танытады. Олардың өздеріне ғана мәлім әлсіз тұстары бар. Фильмде бала асырап алу, оның себебі мен салдарын анық көруге болады. Әрбір көрермен көкейінде бір ғана сұрақ туындайды: қанның бір болуы маңызды ма әлде бірге өткізген уақыт пен тәрбие маңыздырақ па?

2. "Көрінбейтін бөлік" (Невидимая сторона)
Жылы: 2009
Ел: АҚШ

Сандра Буллокқа алғашқы "Оскар" жүлдесін сыйлаған, 2009 жылдың үздік фильмдерінің бірі америкалық футболдың кәсіби ойыншысы Майкл Оэрдің өмір жолын сипаттайды. Оэр жағдайы төмен отбасыда өмірге келеді. Асыранды бала ретінде әр түрлі отбасыда тәрбие алады. Ойламаған жерден, Лиэйнн және Шон Туи Оэрді бауырларына басады. Бұл хикая ертегі іспеттес: нашақорлар ортасынан шыққан қара нәсілді жасөспірім "ерекше" тағдырға ие "ерекше" қабілетті адам болып қалыптасады. Оның барлығы қоғамдағы әділетсіздікпен өздігімен күрескен бір ғана әйелдің арқасында болатын.

3. "Гравитация"
Жыл: 2013
Ел: АҚШ, Ұлыбритания

Бос кеңістік және жалғыздық. Ашық ғарыш әлемінде қалай ақылдан адаспай аман қалуға болады? Сандра Буллоктің кезекті ойынында көрерменнің бар назарын өзіне аударып қана қоймай, барлық ауыр соққыны өзіне қабылдайды. Фильм ерік-жігері мықты және алып күшке ие әйел адамның оқиғасын көрсетеді.  

4."Әлі Элис" (Все еще Элис)
Жыл: 2014
Ел: АҚШ, Франция

Лингвистика профессоры бір күні өзінің сөздерді ұмыта бастағанын байқайды. Қорқынышты, иә? Альцгеймер дертінің асқан жылдамдықпен дамуынан Элис жақындарының аттарын ұмыта бастайды. Дегенмен, өзінің бақытты адам екенін бір сәт те есінен шығарған емес. Фильм адам өмірінен артық құндылықтың жоғын ұғуға көмектеседі.

5. "Жабайы" (Дикая)
Жыл: 2014
Ел: АҚШ

Бәрін тастап, адам баласы аяқ баспаған жаққа кетіп қалу ойыңызда болды ма? Фильмнің басты кейіпкері Риз Уизерспун анасының қазасы мен сүйікті жарымен ажырасқаннан соң саяхатқа аттанады. Оның хикаясы адамның өзін қабылдауы мен өзінің ішкі сезімдерін түсінуге көмектеседі.   

6. Мэри Ком
Жыл: 2014
Ел: Үндістан

Бокстан бес дүркін әлем чемпионы, үш баланың анасы Мэри Комның жеңістен жеңіске жету барысында басынан кешкендерін, өмір жолын бейнелейтін әсерлі фильм.

7. "Алтынға оранған әйел" (Женщина в золотом)
Жыл: 2015
Ел: Ұлыбритания

Басты кейіпкер (Хелен Миррен) өмірінде талай ауыртпашылықты басынан өткереді. Ол фильмде отбасы мұрасына айналған Густав Климттің картинасын қайтару мақсатында әділеттілік үшін күреседі. Бұл хикая бір әйелдің тұтас мемлекетпен күресін баяндайды. Одан бөлек, өткен өмірдің құрметтеуге міндетті  құндылықтарын көрсетеді.  

8. "Адалиннің ғасыры" (Век Адалин) 
Жыл: 2015
Ел: АҚШ, Канада

Ешқашан қартаймау және сенің құпияңды біліп қоймау үшін бір орында тұрақтамастан көшудің қаншалықты қиын екенін білесіз бе? Ал, жалғыз қызыңыздың сізден бұрын қартайып, ерте о дүиеге аттанатынын ұғыну ше? "Адалиннің ғасыры" – ерекше романтикаға толы фильм, оның үстіне оқиға әдемі сипатталады.

9. Джой
Жыл: 2015
Ел: АҚШ

"Джой" фильмінің оқиға желісі Лонг-Айлендта өмір сүрген, жалғызбасты анан Джой Манганоның тағдырын көрсетеді. Оның не ерекшелігі бар дейсіз ғой? Ол ерекше еден жуу құралын жасап шығарады. Нәтижесінде елдің ең табысты өнертапқышы атанады.

10. "Бөлме" (Комната)
Жыл: 2015
Ел: Ирландия, Ұлыбритания, АҚШ, Канада

Оқиғаның ортасында — қарақшы тұтқынына айналған анасы мен ұлы. Олар тар бөлмеде бірнеше жыл өмір сүреді. Ұл болса осы жерде өмірге келеді және сыртқы әлемді ешқашан өз көзімен көрмейді. Бірақ, бір күні олар қашуға шешім қабылдайды. Картинаның ең үлкен жетістігі – басты кейіпкердің актерлік шеберлігі. Бри Ларсон өзіне жүктелген міндетті өте жақсы алып шығады. Нәтижесінде ең үздік әйел рөлі номинациясы бойынша "Оскар" иемденеді.

Міне, тізімдер осындай. Сіз қай фильмді көрдіңіз?