- Негізгі бет
- 8 наурыз 2019
- Қыздарға не сыйлауға...
Қыздарға не сыйлауға болмайды?
Көктеммен бірге көңілге қуаныш пен шаттық әкелетін аяулы аналарымыздың және аруларымыздың төл мерекесін бәріміз де асыға күтеміз. 8 наурыз мерекесі жақындаған сайын ер жігіттер сүйіктілері мен жақындарына сыйлық іздеуге
Алайда сүйіктіңізді мереке күні қуантамын деп, керісінше ренжітіп алмаңыз. Себебі кейбір сыйлықтарды сыйламаған жөн.
Ешқашан нәзік жандыларға арықтауға арналған құралдар мен фитнеске абонемент сыйламаңыз. Сүйіктіңіздің дене бітіміне көңіліз толмайтын болса да оған тікелей айтпаңыз не сыйлық беріп білдіртпеңіз. Тәтті тағамдардан бас тартпайтынын байқасаңыз да, сүйіктіңізге ешқашан да таразы cыйламаңыз.
Күнделікті тұрмысқа қажетті техниканы мерекеге сыйлық ретінде беруден аулақ болыңыз. Дәл мейрам күні шаңсорғыш, тоңазытқыш немесе қысқа толқынды пеш сыйламаңыз. Ондай бұйымдарды басқа күні де сыйлауға болады. Өйткені әйелдер қауымы бұл күні өзін «үй шаруасындағы әйел» ретінде сезінгісі келмейді. Бір сәтке болсын ұмыттыруға тырысу қажет.
Кез келген әйел өзінің бет-әлпетіне аса мән берметінін естен шығармаңыз. Сүйіктіңізге әжімдер мен безеулерге қарсы жақпамай сыйлау арқылы ренжітіп алуыңыз мүмкін. Өйткені ол кемшіліктерін байқағаныңызды қаламайды.
Сыйлық аламын деп жүріп жасанды бұйымға ұрынып қалмаңыз. Сіз байқамасаңыз да, сүйіктіңіз Zara-ның не Birkin-дің жасандысы мен түпнұсқасын бірден ажыратады. Сол себепті сыйлық сатып аларда мұқият болыңыз.
Нәзік жанды қыздар үй жануарларын жақсы көретіні сөзсіз. Бірақ сүйіктіңіз 8 наурызда өзіне сыйлық ретінде мысық немесе итті алғысы келмейтінін біліп жүріңіз.
Кеңінен таралған сыйлықты алудан аулақ болыңыз. Ер адамдар сыйлыққа келгенде көп ойланғысы келмейді. Сол себепті ел арасында кең тараған иіссу, косметиканы сыйлауға құмар. Өйткені кез келген жерден сатып алуға болады. Іздеп қиналмайсыз. Алайда мейрам күні сүйіктіңіз үшін сәл уақытыңызды бөліп, басқа сыйлық іздеген жөн.
Сүйіктіңізге қарабайыр сыйлық беруден де аулақ болған жөн. Сурет жақтаулары, тоңазытқышқа арналған магнит, суретіңіз жапсырылған саптыаяқ, ел арасында кеңінен таралған үлкен аю ойыншықтарды бала кезде сыйлайтын.
Сіздің көзіңіз қаншалықты өткір болса да, сүйіктіңіздің киім мөлшері XS немесе S екенін дөп табуыңыз неғайбыл. Жейде не белдемше сыйлауды ойлап жүрсеңіз кідіре тұрыңыз. Тәуекелге барып, сатып алсаңыз киімнің мөлшері сүйіктіңізге дәл келмей қалуы мүмкін. Егер сыйлаған жейдеңіз кішкентай болса мәселе емес, мәселе оның үлкен болып қалуында. Өзінен үлкен жейдені сыйлап, сүйіктіңізді ыңғайсыз жағдайға қалдыруыңыз мүмкін.
Қанша жұмыс басты, уақытыңыз қауырт болса да ақшалай сыйлық жасамаңыз. Ең басты сыйлық − ол сіздің ілтипатыңыз. Конвертке салынған ақшаны сүйіктіңіз дұрыс көңіл бөлмегеніңіздің белгісі деп түсінуі мүмкін.
Дегенмен адамның ыстық ықыласынан асқан сыйлық жоқ. Сондықтан сүйіктіңізді әрдайым қуантып, тосын сыйлар жасауды ұмытпаңыз.
А. Рысдәулет