Әлемнің бірқатар елдері халықаралық әйелдер мерекесін атап өтті. Айрықша сыйлық беріп, нәзік жанды аруларға құрмет көрсетті. Түрлі тосынсыйлар жасап, мерейін асырды. Ал біз әйелдер жайлы ең қызықты статистикамен бөліспекпіз.
♦ БҰҰ соңғы деректері бойынша қазір жер бетінде 7,5 миллиард адам бар. Оның 3 712 500 000-і әйелдер екен. Пайызға шаққанда ерлер - 50,5 %, әйелдер - 49,5 %.
♦ Әйелдер саны ең аз елдердің бірі - Біріккен Араб Әмірліктері. Бұл елдегі әйелдердің үлес салмағы 31,3 %-ды ғана құрайды.
♦ Әлемдегі 1,28 миллиард әйелдер Қытай мен Үндістан өмір сүреді.
♦ Бүкіләлемдік экономикалық форум дерегі бойынша соңғы 50 жылда 56 мемлекеттің (146 ел ішінде) басшысы әйел болған.
♦ Әлемде бірде-бір ел толықтай гендерлік теңдік дәрежесінде емес. Әйткенмен Исландия, Норвегия, Финляндия мен Швеция бұл нәтижеге жақын.
♦ Қазақстан гендерлік теңдік рейтингінде 60-орында. Соңғы 5 жылда 28 орын төмендеген.
♦ Ең жоғары гендерлік теңсіздік Таяу Шығыс, Африка елдері мен Оңтүстік Азияда айқын байқалады.
♦ 15 әйел әлемдік көшбасшылар қатарында, оның 8-і өз елінде алғаш рет билікке келген ханымдар.
♦ Бүгінде әлем бойынша әйелдер арасында 9 мемлекет басшысы, 8 үкімет басшысы бар.
Қазақстандағы ерлер мен әйелдер статистикасы