- Негізгі бет
- 8 наурыз 2018
- Мерекелік мәзір: "Раушан"...
Мерекелік мәзір: "Раушан" тоқаштары
Мерекеде анаңызға, құрбыңызға, сіңіліңізге немесе қонаққа өз қолыңыздан дәмді тоқаштар пісіруге болады. Оны раушан гүліне ұқсатып жасауға болады. Ендеше, жеңіл дайындалатын, қонақтарды таңғалдыратын және дәмі тіл үйіретін "раушан" тоқаштарының дайындалу жолын ұсынамыз.
6 тоқашқа қажетті азық-түлік:
-300 г қатпарлы қамыр;
- 3 алма;
- 60 г қант;
- 1 шай қасық даршын;
- 50 г кілегей маргарині;
- 1 ас қасық лимон суы.
Алманы екіге бөліп, ортасын тазартып, өте жіңішке етіп тураймыз.
Туралған алманы бір ыдысқа салып, 1 ас қасық лимон суын құйып, содан соң олардың бетін жабатындай етіп, жаңа қайнаған су құямыз. Ыдыстың қақпағын жауып, 15 минут ұстаңыз.
Қант пен даршынды араластырамыз.
Кілегей маргаринін ерітіп аламыз.
Алмаларды сүзекіден өткізіп алыңыз.
Қамырды илеп, 5-6 см жалпақтықта ұзын бөліктерге кесеміз. Қамыр бөлігіне ерітілген кілегей майын жағамыз.
Қамырдың үстіне алманың шетін аздап шығарып, оларды бір-бірінің үстіне қойып шығу керек.
Алманың үстіне қант қоспасын сеуіп шығамыз.
Қамырдың жартысын жабамыз.
Ұзын қамырды рулет секілді ораймыз.
Дайын тоқаштарды кекс пісіретін ыдысқа саламыз.
Тоқаштарды 200 градуста қыздырылған пеште 45-50 минут пісіреміз. Тоқашты пешке салғаннан кейін 10 минут өткен соң, олардың бетін жұқалтырмен жауып қою керек. Сол кезде алма күйіп кетпейді.
"Раушан" тоқаштары дайын! Баршаңызды келе жатқан 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз!
А. Жапатова