Шымкенттің өнерлі жастары қаладағы барлық аналарды ерекше құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
8 наурызда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің үш студенті Айбек, Нұрбек және Мағжан есімді жігіттер қолдарына музыкалық аспаптарын алып көшеге шықты. Олар аялдамада тұрып, бірінші келген автобусқа отыра салысымен жолаушылар арасында аналар туралы әндер орындаған. Жастардың осы әрекеті барлық қала тұрғындары мен Желі қолданушыларын тәнті етті. Жастардың орындаған әуендеріне әйелдер қауымы қосылып алғыстарын білдірді.
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz