Әйелдер туралы жазушылар не дейді?

Әйел – өмірдің гүлі. Әйелсіз ер-азаматтарға қиын тиері сөзсіз. Әйел қырық шырақты. Әйел туралы пікір де әртүрлі. Адам жанының барометрі саналған жазушылар қауымы осы бір нәзік жандылар жайлы не дейді екен?! Оқып көрелік!

***

Әйел — металлдан жасалған жиһаз емес; ол — гүл. Ол іскерлікті қаламайды. Оған күнгей, жылы сөздер керек.

Эрих Мария Ремарк

***

Әйелдер тек жасаған опасыздықты кешіре алмайды. Егер ойын ережесін басынан ұйымдастыратын болсаңыз, әйелдер оны еріксіз қабылдайды. Алайда, ойын барысында ереженің өзгергенін жандары сүймейді.

Габриэль Гарсия Маркес

***

Әйелге әмірін жүргізе білген — мемлекетті де басқара алады.

Оноре де Бальзак

***

Егер сіз әйел затының не ойлап тұрғанын білгіңіз келсе, оған тіке қараңыз, бірақ сөзіне мән бермеңіз. 

Оскар Уайльд

***

Әйел адамдар ешқашан құпия ұстауды білмейді. Бірақ олар жүрегінде сақтаған затты өлсе де айтпайды.

Стивен Кинг

***

Әйел қанша сұлу болса, сонша адал болуы керек, өйткені оның сұлулықтан көрер кесірін адалдық қана жеңе алады. 

Лев Толстой

***

Әйел болмаса еркек есінен, еркек болмаса әйел ажарынан айрылады.

Антон Чехов

***

Әйел ашуланса – жеңіледі, еркелесе – жеңеді. 

Ғабит Мүсірепов

***

Әлемдегі ең сұлу – қазақ әйелі: менің жарым, менің анам, менің қызым. Қазақты қазақ қылған осы әйел болатын, сұлу ғана емес сымбатты, мінезді, ақылды, адал жар, абзал ана, ағайынға қамқор, ауыл-аймаққа құт, ердің мақтаны, елдің көркі.

Мұхтар Мағауин