- Негізгі бет
- 8 наурыз 2017
- Әйелдер туралы жазушылар...
Әйелдер туралы жазушылар не дейді?
Әйел – өмірдің гүлі. Әйелсіз ер-азаматтарға қиын тиері сөзсіз. Әйел қырық шырақты. Әйел туралы пікір де әртүрлі. Адам жанының барометрі саналған жазушылар қауымы осы бір нәзік жандылар жайлы не дейді екен?! Оқып көрелік!
***
Әйел — металлдан жасалған жиһаз емес; ол — гүл. Ол іскерлікті қаламайды. Оған күнгей, жылы сөздер керек.
Эрих Мария Ремарк
***
Әйелдер тек жасаған опасыздықты кешіре алмайды. Егер ойын ережесін басынан ұйымдастыратын болсаңыз, әйелдер оны еріксіз қабылдайды. Алайда, ойын барысында ереженің өзгергенін жандары сүймейді.
Габриэль Гарсия Маркес
***
Әйелге әмірін жүргізе білген — мемлекетті де басқара алады.
Оноре де Бальзак
***
Егер сіз әйел затының не ойлап тұрғанын білгіңіз келсе, оған тіке қараңыз, бірақ сөзіне мән бермеңіз.
Оскар Уайльд
***
Әйел адамдар ешқашан құпия ұстауды білмейді. Бірақ олар жүрегінде сақтаған затты өлсе де айтпайды.
Стивен Кинг
***
Әйел қанша сұлу болса, сонша адал болуы керек, өйткені оның сұлулықтан көрер кесірін адалдық қана жеңе алады.
Лев Толстой
***
Әйел болмаса еркек есінен, еркек болмаса әйел ажарынан айрылады.
Антон Чехов
***
Әйел ашуланса – жеңіледі, еркелесе – жеңеді.
Ғабит Мүсірепов
***
Әлемдегі ең сұлу – қазақ әйелі: менің жарым, менің анам, менің қызым. Қазақты қазақ қылған осы әйел болатын, сұлу ғана емес сымбатты, мінезді, ақылды, адал жар, абзал ана, ағайынға қамқор, ауыл-аймаққа құт, ердің мақтаны, елдің көркі.
Мұхтар Мағауин
Ж. Жұмағұлов