Ызғарлы қыс кетіп, ізінен ілесе келген шуақты көктем барша ел-жұртқа шаттық сыйлайды. Себебі көктемнің жарқыраған түсі, хош иісті ауаға толы жұпары, арай шашқан күні көңілге әсер етпеуі мүмкін емес. Көктемнің иісі деген не?
Көктемнің айрықша иісі ақпан айының соңы мен наурыз айының басынан бастап белең береді. Оны қыс табиғатынан оянған әлемге тағдыр сыйлайды. Күндізгі ауа температурасы жоғарылағаннан, қар жамылғысы еріп, жылғадан аққан судан жағымды иіс шығады. Еріген қар, жерден шыққан алғашқы бу – міне, осылар «көктем иісі» деген эффектіге сай «элементтер». Көктем иісін, әсіресе, қала шегінен тысқары аймақта сезінуге болады. Оның үстіне жаңа шыққан бүршік, балғын да шалғын шөп, алғашқы гүл иісін қосыңыз.
Әр көктемнің өзіне тән ерекше иісі бар. Оны әлемде қанша адам болса, сонша сезім өзінше сезінеді. Мәселен Азия тұрғындары көктем иісін қабылдауы Америка халқына қарағанда мүлдем өзгеше. Бұл – әртүрлі жұпар иіс қосындысынан туған ғажайып. Бір нәрсенің ғана хош иісі емес, табиғат-Ана түрлі-түрлі жұпар арқылы қолдан жасағап, тарту еткен коктейль.
Қалай болғанда да бұл иіс бізді өмірге құштар етпей қоймайды. Күннің әр минутын қадірлеп, тек жақсы көзқарас қалыптастыруға әсерін тигізеді. Көктемді асыға күтуіміздің де бірден-бір себебі осы болса керек.