Әйелдер – ерекше жаратылыс иелері, әлемнің ажырамас бөлігі. Олар жайлы айтылатын әңгіме, қозғалатын тақырып таусылған емес, таусылмайды да. Назарларыңызға әйелдер жайлы әзіл-шыны аралас қағытпа ойларды ұсынамыз.
***
Әйелдерді уысыңда ұстаудың екі тәсілі бар... Бірақ оны ешкім білмейді.
***
Әйелдерді сөйлетудің мың түрлі тәсілі бар, бірақ сөйлетпеудің ешқандай тәсілі жоқ.
***
Әйел қандай да бір өтірігін жасырғысы келгенде ғана шындықты айтады.
***
Әйел бәрін жасай алады. Ал еркек әйелден қалғанын жасайды.
***
Аз сөз – алтын. Бірақ бұл алтынды әйелдер ешқашан мойындаған емес.
***
Әдемі болу – оңай, бірақ соны айналаға дәлелдеу қиын.
***
Әйелді бақытты ету қиын емес. Тек әйелді бақытты ете отырып, өзіңді де бақытты ету – қиынның қиыны.
***
Әйел қаласа еркектен бәрін алады, тіпті тегін де!