Қазақстанда 8 наурыз қарсаңында қандай заттар көп сатылады?

Қазақстанда 8 наурыз қарсаңында қандай заттар көп сатылады?
Фото: pixabay.com

Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында AliExpress платформасы сатып алу трендтеріне талдау жасап, қазақстандықтар сыйлық ретінде нені жиі сатып алатындығын анықтады.

Мерекеге бірер апта қалғанда әйелдер киімінің сатылымы едәуір өскен.

Әйелдер жейдесі мен нымшаларына жасалған тапсырыстардың саны қаңтар айымен салыстырғанда ақпан айында 6 есеге өсті, ал бешпеттер мен свитерлердің сатылымы 3 есеге өсті.

Платформада ең көп сатып алынған киімдер – көйлектердің әртүрлі үлгілері. Олар: жейде-көйлектер, романтикалық стильдегі ұзын көйлектер, сонымен қатар тоқылған үлгілер.

"Сұлулық және денсаулық" категориясындағы тауарлар 8 наурыз қарсаңындағы сыйлықтар тобына кірген. Опа-далап жағуға арналған жиынтықтың және кірпік өсіруге арналған жиынтықтардың саны 8 есе өскен, Тері күтімі бойынша тапсырыс берілген амалдардың саны 5 есе, себезгіге арналған гель, ваннаға арналған көпіршік және сабын сияқты гигиеналық амалдар саны 2,5 есе, бетке арналған бояну заттарының сатылымы 1,5 есе артқан.

Сонымен бірге 8 наурыз қарсаңында интернет дүкеннен сатып алу жағынан асүйлік комбайндар үлкен сұранысқа ие болған. Оларға сұраныс қаңтар айымен салыстырғанда 6,8 есе өскен.

Интернет дүкеннің мәліметінше, мереке қарсаңында Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Шымкент және Павлодар тұрғындарының сыйлық сатып алу белсендігі артқан.

Н. Үсенова