- Негізгі бет
- НАУРЫЗ
- Сыйлықтар топтамасы: Сүйіктіңізге...
Сыйлықтар топтамасы: Сүйіктіңізге кітап сыйлаңыз-2-бөлім
Массагет ұжымы кезекті сыйлықтар топтамасын ұсынып отыр. 8 наурыз қарсаңында үлгермей қалып, әлде ұмытып кетіп, әлде қонаққа шақырып қалса, қандай сыйлық алам деп бас қатырып жатсаңыз, онда сізге тиімді ұсыныс. Кітаптар қалашығынан, әйтпесе кез келген кітап дүңгіршектерінен ең жақсы кітаптарды таңдап алуыңызға болады.
Тұманбай Молдағалиев, Шақырады көктем, Атамұра баспасы
Тұма жырдың иесі Тұманбай Молдағалиевтің «Шақырады көктем» кітабын сыйға тартыңыз. Студенттік жинақтарымен көзге түсіп, қалың жұртшылықты, Алматыны жаулап алған ақынның бұл кітабының адам баласына берері көп. Әрі әуез бен сазға толы өлеңдер адам жүрегінің жанды жерін тауып алып, сылап, сипап емдеуге дайын тұрады. Адамзат баласын сүюге, махаббатқа, мейірімге шақыратын өлеңдер әйел затының бойындаға қасиеттермен араласып, болашаққа деген үлкен сенімділікті арттырып, тәтті үміттер жетегінде ертіп кетуге дайын.
Мұхтар Мағауин, Қыпшақ аруы, Атамұра баспасы
Мұхтар Мағауиннің "Қыпшақ аруы" романы нағыз ғашық жандарға арналған туынды. Фантастика әлемімен астасып жатқан шығарма шырғалаң сезімдердің ортасында қалған мүсіншінің өмірін ертегіге айналдырады. Сағым ішінде бұлдырап жүрген, көне ғасырлардың бір сұлу қызы мүсіншінің түсіне жиі кіретінді шығарады. Түсіне кіру арқылы жас жігіттің бар арманы мен махаббатына айналып, сонау ғасырларға ертіп кеткісі келеді. Жігіт қазір-ақ кеткісі келіп тұрғанмен, алдында үлкен сынақтан өтуге тиіс. Сонау ғасырларға бару үшін қиялдағы ғашығының мүсінің айнытпай салуы қажет. Күні-түні ұйқы көрмей жүріп, ақыры мүсінді бітіретін күнге де келеді. .... Ақыры фонтастикамен, махаббатпен бітетін бұл туынды кез келген адамды тәтті сезімнің бесігінде тербетіп, адам ішінде ұйықтап жатқан қиял, арманды қайта бір түлетуі мүмкін. Ғашығыңызбен қосылып, қиялдар әлеміне сапар шегіңіз.
Форумда талқылау
Суреттер: atamura.kz, miranimashek.com
Л. Лига