Сіздермен бір романтикалық іс-әрекетпен бөліскіміз келіп отыр, мұны орындау аса қиын емес, ең бастысы бір-біріңізден алыста болмасаңыздар болғаны. Бұл бір жағынан ойын, оны кез келген жерде, кез келген уақытта ойнай аласыздар және әр ойнаған сайын, сіздерге жаңа әсер беріп, бір-біріңізге деген жақындықты арттырып, жаңа сезімдерді ашады.
Ойынның мәні мынада. Бір адам екінші адамның қолын алып, жетектейді, екінші адамның көзі жабық болуы керек. Ойынның төркіні адамдарды сенімділікке шақыруда. Көбіне көп бұл ойын ренжісіп қалып, сезімді қайта жаңғыртқысы келетін жұптарға арналған.
Сонымен, бір адам – жетекші алақанын жайып ұстайды. Екінші адам – жетектелуші көзін жұмып, алақанын жетекші адамның алақанына салып, бар жанымен жетекшінің ықпалына көнеді. Бірінші адам екінші адамды қайда апарғысы келсе, сонда жетелейді. Мұны пәтер ішінде де істеуге болады, немесе далада да, кез келген маршрутта, баспалдақпен көтеріле ме, түсе ме, әлде бөгеттерден секірте ме, өзі біледі. Жетектелуші адам жетелеген адамға сеніп келеді ғой, сондықтан, ең бастысы, барынша қорғаштап жүруі керек.
Және жетекші адамның басты міндеті – үндемей жүрмеуі керек. Өйткені жетектелген адам көзін жұмып, ештеңе көрмей келеді, сол себепті жетектеуші адам айналасында не болып жатқанын, немесе одан да қызық әңгімелерді айтып, көңілін көтеруі міндетті. Сонымен қатар, бөгеттерге тап болғанда қолыңызды артқа тартып, тоқтатып, немесе тезірек жүру үшін алдыға қарай тартып, барынша сезімге бөлеуіңіз қажет.
Бұл ойыннан кейін жұптарда жаңа сезім пайда болады, екеуінің арасындағы байланыс жаңаша дамып, сенімділік артып, адамдардың ашылуына көмектеседі. Жетектелуші адамның ең басты міндеті – өзін жетектеген адамға жан-тәнімен берілу, сену. Көзі жұмылған соң, қадам жасауға қорқып тұратыны анық. Сол қорқыныштан босап, жетектеген адамға сеніңіз. Сонымен қатар, жетектеген адам да сол сенімді ақтап, оны дұрыс жолмен жетелеп, көңілін көтеріп, бар бөгеттен өткізуге көмектесуі керек.
Сурет: photo.99px.ru