Қалаған сыйлықты аламын десеңіз...

Қалаған сыйлықты аламын десеңіз...

Нәзік жанды қыз-келіншектер қауымының жанға жағымды тосын сыйларды, әдемі гүлдерді және  ыстық тілектер жазылған ашық хаттар мен әсем гауһар тастарды асыға күтетін айтулы мерекесі 8 наурызға да санулы күндер қалды. Жігітіңіздің «Сүйіктім, керек десең, саған ай мен жұлдызды сыйлаймын!» сынды әдетке айналған уәделі сөзінен  тайқып кетпеуі үшін қандай шара қолдану керектігін білгіңіз келе ме? Төмендегі сиқырлы «төрт қадамға» назар аударыңыз! Сонда жігітіңізден 8 наурызға қалаған сыйлығыңызды аларсыз.    

Бірінші қадам. Жігітті сүйіспеншілікке бөлеу. Әдетте, ерлер қауымы сыйлықтарды жан жылуына қанып, ыстық сезімге бөленгенде ғана тарту етіп жатады. Және бұл жылуды төгетін басқа біреу емес, дәл өзіңіз болмақсыз! Сондықтан да өзіңіздің тілегіңізді жеткізбес бұрын жігітті махаббат пен сүйіспеншілікке шомылдырыңыз!

Екінші қадам. Өз тілегіңізді жеткізу. Еркектер өте нақты ой түйеді, сондықтан  бұйымтайыңызды өз сүйіктіңізге: тек қана сіз үшін жасалған, қайталанбас, пәленше маркалы сағатты, түгенше дүкенінде көргеніңізді айтып жеткізуге тырысыңыз. Міндетті түрде арманыңыздағыны ұсақ-түйекке дейін сипаттап беріңіз: не, қайда, қандай түсті, қанша... Сіз армандаған сыйлықты дүкеннен барып көрсетсеңіз, тіптен жақсы. Сондай-ақ өзіңіз армандаған нәрсені айтыңыз да... ұмытыңыз! Соңғы сәт таяғанда емес, тым болмаса мерекеге үш күн қалғанда айтқаныңыз абзал, ал апта немесе ай бұрын айтсаңыз, одан да керемет болар! Жігітіңіздің мүмкіндігін есепке алғаныңыз жөн. Егер сүйіктіңіз әдемі жібек шәлісін сыйлай алатын болса, оған жекеменшік ұшақ немесе гауһар тастың суретін көрсетудің қажеті жоқ! 

Үшінші қадам. Бастысы - кіршіксіз көңілі. Сіздің астарлап жеткізгеніңізді сыйлайтынын немесе сыйламайтынын шешуді жігіттің өзіне қалдыра отырып, өз тілегіңізді ұмытқаныңыз маңызды. Егер оның сезімін түрте алсаңыз, ол көп созбастан су түбінен маржан  іздеуге аттанады. Мұндай сәтте әйел заты үшін ең маңыздысы - өзін-өзі үміттендірмеу, керісінше: «Егер сүйіктім мен қалаған сыйлықты тарту етпесе – ештеңе етпес, не сыйларын күтемін, бұл үшін қайғырмаймын. Ал егерде ұнатқанымды әкелсе, шынында да қуанышты тосын сый болар еді» - деу. Осындай әдіспен арманыңыздағыны күтуден арыла аласыз. Үндемей қалсаңыз да, көңіліңіздің толмағандығы білініп қалады, кейде әйел қабағы мың сөзден де түсініктірек. Және сыйлық тапсыру салтанаты келіп жеткенде, сізге не сыйланса да күтпеген жағдай болатыны анық. Сіздің қиялыңыздағы, сіз ымдап жеткізген, суреттеген нәрсе болмаса да сыйлықты жігітіңіз сізді  қуанту ниетімен сыйлағанын ұмытпаңыз!

Төртінші қадам. Сыйлықты қабылдау. Кез келген сыйлыққа қатты қуансаңыз, жігітті де одан әрі сізге сыйлық жасауға ынталандырасыз. Айғайлап немесе қолыңызды шапалақтап немесе үндеместен таңқалысыңызды көзбен жеткізуге болады. Жай ғана төрт рет: «Рақмет, рақмет, рақмет, рақмет!» десеңіз де, жетіп жатыр (адам төрт дүркін қайталауды оңай қабылдайды екен). Ең бастысы – өз үмітіңізге емес, сезіміңіз бен эмоцияңызға адал болу! Сізді қуантамын деген ниетпен сыйлық таңдауын, оның талпынысын, оның бөлінген уақытын, оның ізденісін қабылдау дегеніміз де – осы болмақ. Жігіттер жүректерінің түбінде болсын таңдаған сыйлығын құптағаныңызды қалап тұрады. Олар сыйлықты тартқан  кезде бет-жүзімізге көз алмай қарайды  және қандай сезімде болатындығымызға ерекше қарайды. Сондықтан жай ғана сізге сыйлық беріліп жатқандығы үшін қуаныңыз! Сыйлықты қабыл ала білу де – үлкен өнер!

Әйелдер қауымы ерлер тарапынан қашанда сыйлық күтумен болады, өйткені бұл олардың қамқорлығы мен махаббатының нышаны іспетті. Ал ерлер қауымы қашанда талпыныстарының бағалануын күтеді. Күндердің күнінде сіз өз немереңізге бір керемет бұйымды немесе әсем әшекейді көрсетіп:« Мұны маған бір кездері сенің атаң 8 наурызға сыйлаған еді» - дейтін боларсыз деп үміттенейік!

Сурет:woman.ru

С. А