Алматыдағы Астана алаңы тұтастай безендіріліп, киіз үйлер тігіліп, Наурыз мейрамына сай инсталляциялар орнатылып, жыл басы әз наурызды халық қызу тойлауда деп хабарлайды Массагет тілшісі. Үлкен сахнадан мәнді де сәнді шараларды, ән-күй, би, театрландырылған қойылымдарды жиналған қауым тамашалауда. Көктемнің өзіндей жаймашуақ күнінде халық нөпірі алаңға ағылуда. Алаңдағы тайқазан. Шығыс нақышындағы тұрмыстық заттар мен маталар жұртшылықтың назарын өзіне аударып, мереке көркін қыздырып тұр. Үндістаннан келген туристер ұлттық биін билеп, өнерлерін көрсетуде. Алаңда тұрған балбал тас. Келген қонақтарға бауырсақ пен көже тегін таратылып жатыр. Кезекте тұрған халық көп. Кезегі келіп, бауырсаққа қолы жеткендер осылай қуануда. Көпшілік арасынан Қансонарда бүркітші шығады аңға... фоторепортажының бас кейіпкері - Аян бүркітші мен оның құсы Ақиықты да байқап қалдық. Ары қарай суреттер сөйлесін: