- Негізгі бет
- НАУРЫЗ
- Алматыда наурыз мейрамына...
Алматыда наурыз мейрамына орай экобелсенділер ағаш екті
Бүгін Б.Момышұлы көшесі бойында орналасқан АвтоХҚКО жолында тұрған Алматы қаласындағы "Қарағайлы орман" аумағында кезекті ағаш отырғызу рәсімі өтті. Эко паркті құру жобасының бастамашысы және Наурызды мерекелеуге орайластырылған кезекті шараны ECO FUND Tabigat ұйымдастырды. Көгалдандыру жұмыстары Қазақстанның көгалдандыру қауымдастығымен бірлесіп және Жасыл экономика басқармасының, Алатау ауданы әкімдігінің, сондай-ақ бизнес өкілдерінің қолдауымен жүргізілді.
"Қарағайлы орман" Эко паркін дамыту жобасы бір жыл бұрын 2020 жылдың қаңтарында қала тұрғындарының қатысуымен алғашқы 33 қарағай ағашын отырғызумен бастау алды. Өткен жылы осы жобаға тек қоғам өкілдері мен еріктілер ғана емес, бизнес пен жоғары оқу орындары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар да назар аударды. Бүгінгі таңда "Қарағайлы орманда" 3 500-нан аса ағаш бар. Ұйымдастырушылар бірнеше жылдан кейін бір жыл бұрын қоқыс полигоны болған жерде қаланы оттегімен байытатын ну орман өседі деп үміттенеді. Қазірдің өзінде "Қарағайлы орман" қала үшін 197 тонна көмірқышқыл газын сіңіріп, 120 тоннаға дейін шаңды ұстап, қосымша 219 тонна оттегі өндіреді.
Экобелсенділер қала аумағын көгалдандырудың өткір проблемасы туралы бірнеше рет атап өткен болатын. Солайша Эко қорының жеке зерттеуі қаламызда жасыл желектер ДДҰ талап еткен нормалардан 4 есеге аз екенін көрсетті.
"Біз сіздермен бірге еліміздегі экология ахуалының қалай қалыптасып отырғанын бұрыннан білеміз. Қала тұрғындары қаламыздың үстінде қалқып тұратын түтінді күнделікті көріп жүр деп ойлаймын. Сондықтан біздің Қор көгалдандыру қажеттігіне барынша назарды аудартуға күш-жігер жұмсап, көпшілікті осы игі іске тартуға тырысатын болады. Біз бұл ситуацияны қарапайым азаматтардың, биліктің және әлеуметтік жауапты бизнестің бірлескен күшімен ғана жақсарта алатын боламыз. Біздің экологиямыздың қолайсыз жағдайын түзеу бір күндік іс емес, сондықтан біздің алдымызда жүргізілетін жұмыстардың саны көп және әрине, бізге қолдау қажет болады",- деді "Қарағайлы орман Алматы" жобасының бастамашысы, ECO FUND Tabigat төрағасы, ҚР көгалдандыру қауымдастығының төрағасы Тимур Елеусізов.
Бүгін Эко паркте біздің отандық тәлімбақта өсірілген катальпа (сәнағаш) тұқымды ағаштардың 300 тікпе көшеттері отырғызылды. Қалалық ландшафтта жиі кездесетін катальпа (сәнағаш) топыраққа бапты көп талап етпейтіндігімен және аязға жақсы төзімді болатындығымен ерекшеленеді. Үлкен ағаштың ұшар басының ауқымды формасы айналасына үлкен көлеңке береді. Экология және бау-бақша саласындағы сарапшылардың айтуынша, ағаштардың осы түрін отырғызу өткен жылдың желтоқсан айында отырғызылған қарағай көшеттерінің белсенді өсуіне қолайлы көлеңкелі жабынды қамтамасыз еткен екен. 2020 жылдың желтоқсанында отырғызылған 400-ден астам көшеттің өмір сүру деңгейі 100 % құрағанын атап өту керек,. Осылайша саябақ өз көшеттерінің санымен жоспарланған 35 мың ағашқа жақындап келеді. Сондай-ақ бүгінде катальпадан басқа, Жасыл экономика басқармасының қолдауымен тағы 1 500 терек көшеттері отырғызылды.
Бүгінгі ағаштарды отырғызу мүмкіндігін жобаның тұрақты досы болған "Учет.kz", техника мен электрониканы сату бойынша оңтүстік өңірдің көшбасшысы "Evrika" компаниялары белсенді түрде қолдады, сондай-ақ жақсы іске "Лукойл" және "BAZIS-A" секілді компаниялар қосылды. Серіктестердің қолдауымен "Шетсіз қала" және "Жасыл Алматы" бағдарламалары аясында өткен жылдың басында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевпен бөлінген 78 Га учаскеге отырғызу үшін катальпа көшеттері сатып алынды.
Жобаның барлық қатысушыларының мақсаты – Эко паркті құру ғана емес, сонымен бірге, оның сапасын қолдау және одан әрі белсенді дамыту.
"Біз қаланың жасыл қорын дамыту үшін жағдай жасаудың аса қажетті екенін түсінгендіктен біз бұл жобаны өткен жылы іске асыруға қосылдық. Көшеттерді сатып алуға қосатын болмашы үлестің іс жүзінде денсаулығымыз бен қаламызды жалпы жақсартуға беретін пайдасы зор. Сондықтан біз үшін бір рет ағаш отырғызу ғана емес, олардың атап айтқанда,, саябақтың шынымен "өмір сүріп, гүлденніп жатқанына" көз жеткізу аса маңызды болды",- деді "Evrika" компаниясының коммерциялық директоры Данияр Сасыков.
Бүгін қатысушылар ағаш отырғызып қана қоймай, Алматыдағы "Қарағайлы орман" аумағында қоқыс жинау бойынша сенбілік ұйымдастырды. Өткен жылы ағаш отырғызудан басқа, Алатау ауданы әкімдігі тарапынан да жобаның басында уәде етілгендей, көшеттерді уақыттылы суаруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.
Н. Үсенова