Қазір техника заманы. Қыз балалар да ер жігіттер сияқты компьютерді жетік меңгерген. Ендеше, үлкен мерекенің құрметіне орай, massaget.kz ұжымы жігіттердің уақыттарын үнемдеу мақсатында, сыйлыққа тартуға болатын қызықты компьютерлік гаджеттерді ұсынады.
1. USB - прожектор
2. Саптыаяққа арналған қыздырғыш
Кеңседе жұмыс істейтін сүйіктіңізге USB саптыаяқ қыздырғыш құралын сыйға тартсаңыз, оны әрқашан да ыстық шәй немесе кофемен қамтамасыз еткеніңіз. Расында да, бәріміз де саптыаяғымызға не кесемізге ыстық шәйді құйып алып, көңілімізді компьютерге бөлеміз. Біраздан кейін шәйдің суығанын байқауға болады. Бұндай жағдай орын алмас үшін usb қыздырғыштың сымын компьютеріңізге қосып алыңыз. Шәйіңіз ешқашан да суымайды.
3. Желдеткіш
Көктем енді ғана келгенімен, жаз туралы ойланған да артық болмас деген оймен, біз сіздің назарыңызды мына бір қызық құрылғыға аударғымыз келіп тұр. Жазғы күні кеңсесінде арнайы ауа желдету жүйесі жоқ жандар үшін кішкентай USB-желдеткіштің көмегі зор болады. Иә, қазіргі кезде кеңселердің көбінде арнайы ауа желдеткіш жүйесі кездесе бермейді. Ал жазда ауа температурасы үлкен санға дейін өсуі мүмкін. Ыстық ауа массаларының адам денсаулығына зиян келтіреді. Сондықтан да, сүйікті жаныңыздың денсаулығын сақтау үшін мына кішкентай ғана гаджетті сыйласаңыз болады.
Барлық Компьютерлік гаджеттер сияқты, бұл желдеткіш те USB тіркеуіші арқылы компьютерге қосылады.
4.Таразы-тақтайша
Тамақ даярлау әрбір нәзік жан үшін күнделікті іс. Әрине, тамақ даярлауда тағамдардың пропорциясында қателесіп кетпеу үшін ас үйге арналған таразыны қолдануға болады. Бірақ ас үй таразысын күнделікті пайдалану ыңғайсыз болғандықтан, техно гаджеттерді ойлап табатын өнертапқыштар әйел баласын тағы бір жаңа өнімімен қуантпақшы. Суреттен көріп отырғаныңыздай, бұл таразы-тақтайшаның көмегімен сіз тағамдарды турап алып, оларды қызыл дөңгелектің ішіне орналастырсаңыз, туралған азық-түліктің салмағы көрсетіледі. Бұл гаджеттің көмегімен тағамды ысырап пайдаланудан аулақ болып, үйіңіздің қаражатын үнемдей аласыз.
Нәзік жандар үшін осы құрылғы таптырмайтын сыйлық.
5. Фоторама
Компьютерлік гаджеттерді құрастыратын компания фоторама мен тоңазытқыштарға жабыстыратын магнит-ойыншық идеясын негізге ала отырып, өте қызық дүние ойлап тапты.
Қымбатты аруларымыз бос уақыттың біраз бөлігін ас бөлмесінде өткізетіндіктен, көп жағдайда олар сүйіктілерін жиі сағынады. Ал сіз олардың көңілі түскенін қаламайсыз ғой? Сүйіктілеріміздің суретін әрдайым көргенде көңіліміз көтеріліп, жанымыз бір тынышталып қалатыны рас. Сондықтан да, назарларыңызды мына фоторамаға аудартып отырмыз. Осы фотораманың арқасында тоңазытқышқа жақындағанда, сүйікті адамыңыздың махаббатын еркін сезіне аласыз. Біздің ойымызша, өте қызықты әрі пайдалы сыйлық. Сүйіктіңіз әрқашан да жаныңызда болсын!
6. USB флеш жады
Суреттер: joystore.ru, images.yandex.kz