Мерекелік фильмдер тізбегіне кезек келді.
Махаббат туралы фильмдерді күніне миллиондаған адам тамашалайды. Бар гәп осы махаббат сезімінің құдіреттілігінде болса керек. Махаббат тақырыбы күн тәртібінен еш түспек емес. Бұл жанрдағы тағы бір фильм - "Реальная любовь"(Шынайы махаббат). Дегенмен, тағы бір деуге келмес. Бұл фильмде бір ерекшелік бар. Мерекенің, жан тыныштығының, жылылықтың лебі есіп тұрады өн бойында. Уақытыңыздың да қалай өтіп кеткенін байқамай қаласыз. Фильм кейіпкерлеріне құдды шын өмірдегідей шын көңіліңізбен тілекші болып отырғандығыңызды байқамай қаласыз.
Кейіпкердерді аты әйгілі Колин Ферт, Хью Грант, Кира Найтли, Алан Рикман секілді талантты актерлар сомдайды.
Сүйіңіздер, сізді де сүйсін! Махаббатты бағалайтын жан болсаңыз, бұл фильмді міндетті түрде көріп шығыңыз. Сізге тылсым қуаныш, позитив, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.
Картина 2003 жылы АҚШ-тық Ричард Кертис атты режисердің бастамасымен түсірілген. Кино жарыққа шыға салысымен, көрермен көзайымына айналып, бірнеше сыйлыққа ие болды:
1. Алтын глобус, 2004 жыл
Номинация (2):
Үздік фильм (комедия немесе мюзикл) Үздік сценарий
2. Британ академиясы, 2004 год
Номинация (3):
Екінші пландағы үздік әйел адам рөлі (Эмма Томпсон) Александр Корда атындағы соңғы екі жылдағы ең үздік британдық фильм Екінші пландағы үздік ер адам рөлі (Билл Найи)
3. Еуропа киноакадемиясы, 2004 жыл
Номинация (2):
Үздік ер адамның рөлі үшін көрермен көзайымы сыйлығы (Хью Грант) Режиссерлік жұмыс үшін көрермен көзайымы сыйлығы (Ричард Кёртис)Фильм бюджеті - $40 000 000
Фильмнен үзінді:
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/NSx0G7pEoLM","width":"425","height":"350"});
Фильмді толығымен мына жерден көруге болады: РЕАЛЬНАЯ ЛЮБОВЬ(2003)
сурет: alienationmentale.wordpress.com