- Негізгі бет
- НАУРЫЗ
- 8 Наурыз. Мерекелік...
8 Наурыз. Мерекелік фильмдер - "Еркектер тағы не туралы әңгімелеседі?"
Құрметті оқырман, мерекелік фильмдер сериясы жалғасуда.
Біз ұсынатын келесі фильм - "О чем еще говорят мужчины"(Еркектер тағы не туралы әңгімелеседі?)
Құрметті, қыздар! Сүйіктілеріңіздің кейбір әрекеттерін түсінбей көз жастарыңызды төгіп, уайымдайтын кездеріңіз болатын шығар. Бар гәп жігіттердің психологиясын білмегендікте. Олардың логикасына бойлап, ішкі уайымдарын зерттемегендікте.
Шындығына келгенде, барлық жұптардың арасындағы проблемалар бір-біріне ұқсас болады деп ойлаймыз. Фильмің қызығы да сол - еркер пен әйелдің нәзік көңілінің жіптерін дәл көрсете білген. Олардың ішкі уайымдары мен армандары, мақсаттары - бәрі-бәрі фильмде көрініс тапқан. Көзіңізге шөп салып екінші "фронтта" тайраңдап жүрген жігіттердің психикасы, ойлаған арманына жете алмаған азаматтардың ішкі халі туралы білесіз. Ең қызығы - жігіттер өзара қалғанда қыздар туралы не айтып, не қоятынына қанық боласыз.
Бәрін айт та, бірін айт - комедиялық сәттерге толы бұл мелодрама мереке күні уақытыңыздың қызғылықты да пайдалы өтуіне себепкер болады деп сенеміз.
Фильмді Дмитрий Дьяченко атты Ресейлік режиссер өткен 2011 жылы түсірген. Естеріңізде болса, одан бір жыл бұрын бұл фильмнің бірінші бөлімі түсірілген болатын ("О чем говорят мужчины"). Бұл жолы фильмнің бюджеті - $17 808 683 болды.
Фильмнің трейлері:
Фильм толығымен мына жерде: "О чем еще говорят мужчины"(2011)
сурет: o-chem.ru