Аңқау қыздарды айтпағанда, тәжірибесі мол әйелдердің өзі мейрамның алдында уайым толы еркектердің беттерінен сүйіктісіне берер сыйлығын ойланып жүр деген тұжырымға келеді. Массагеттің жігіттері қыздардың бұл адасушылығының көзін жойып, жігіттерді не нәрсе мазалайтындығына көздерін жеткізеді.
Негізінде жігіттер сыйлық жайлы қорқынышты күнге аз қалғанда ойланады. Бұл күннің қарсаңында оны мазалайтын мәселелер өте көп. Шындық өте ауыр болуы мүмкін, сондықтан алдын ала ескертемін. Кім қиялынан ауытқысы келмеген болса, блогтарға жүре берсеңіз болады.
Сонымен наурыздың 3-і мен 8 күні жігіттерді мазалайтын...
Бұл сұрақ мейрам алдында көп еркектің ойын мазалары рас. Еркек болғаннан кейін, олардың да сүйіктісі бар, сүйгені бар, жүретіні бар дегендей таныс қыздары естеріне түсе бастайды. Таныстары бұл нұсқадан да асып өтетін романтиктерді де кездестіруге болады. Агентте жүз қыз досы болса, олардың бесеуі болашақ жар болуға дайын, алпыс бесі сен десе отқа түсуге дайын, басқаша айтқанда қыздар толып артылады. Бірақ үйінде анасы бар, он шақты әпке қарындасы, сүйген жары біреу болған күннің өзінде жұмыстағы әріптестері қалтасын жұқартпақ түгілі, жүйкесінің жұқаруына да алып келеді. Айтылғандардың қайсысы сыйлығына лайықты? Виртуальды түрде гүл шоғырын беріп құтылайын десе, ол да ақша. Барлығына қалай жеткіземін деп бастары айналатын еркектер үшін мейрам қызығы басталады.
Келесі қадам қалай болу керек...
Ертелі-кеш кез келген қыз көңіліне жақпайтын жаңалыққа тап болады. Яғни, сен әлемдегі жалғыз әйел емессің. Бірақ бұл мейрам күні көңіл-күйді түсірер жаңалық емес. Есі дұрыс жігіт бұл күні барлық таныстарын құттықтауға дайын. Керек десеңіз, автобустағы танымайтын кондуктор әйелдерді де құттықтап жатады... Бұл бір жігіттің сүйгенін ғана құттықтап қоярлық Қозы көрпеш Баян сұлу күні емес.
Жігіттер өмірінің соңына дейін жауапкершіліктен қашуға тырысады. Жауапкершіліктен қорқу, жалғыздық сияқты басқа да фобиялар олардың ізінде өмір бойы бірге болады. Керемет күнге аз қалғанда, "егер де қымбат сыйлық берер болсам, жар болуға шақырып тұр деп ойлап қалмай ма?" деген сияқты сұрақтар мазалайды. Бұл дәлелдерге сүйеніп айтылған ой...
Келесі қадам қалай болу керек...
Еркектің бұл жасырын ойы уайымдауға ешқандай себеп емес. Егер де досыңыз ұсыныс білдіргісі келген болса, басқа да күндер табыла жатады. Бір жағынан ол күнді де мейрам ретінде тойларсыз. Асығудың қажеті жоқ!
Кейбір жігіттер "не үшін гүл сыйлау керек, ертесі бәрібір солып қалмайды ма?" деген ойда болады. Кейбіреулері болса, мейрам күні жыл бойы жинаған қаражаты армандаған арманымен көкке ұшып кете ме деп қорқады. Еркектер табиғатынан дүниеқоңыз емес, олардың болашақты да ойлайтын әдеттері бар.
Келесі қадам қалай болу керек...
Жай ғана, сүйіктіңізге мейрамда табаныңызға миллион гүл қоюы міндетті емес екендігін астарлап жеткізсеңіз болғаны. Жүз гүл тұрса да, қуанышты әсер алмайсыз ба?
4. Анам ба? Cүйгенім бе?
Еркектер де адам болғаннан кейін, олардың да анасы бар. Бұл күннің аналарға да қатысы бар екенін білгеніміз жөн. Оларды да құттықтауы керек. Ананың аты ана ғой, ол да мейрам күні кешкі асқа шақыруы мүмкін. Бері тартса бұқа өледі, ары тартса арба сынады дегендей еркектер бұл күні екі оттың арасында қалады.
Келесі қадам қалай болу керек...
Ертелі-кеш сүйіктіңіздің анасын қабылдау керек боласыз. Сондықтан бірінші қадамды өзіңіз жасаңыз. Керек десеңіз, жігітіңіздің анасына сыйлықты бірге таңдайық деп ұсыныс білдіріңіз. Оның алдында қосымша ұпай жинаған боласыз.
Көптеген еркектер мейрам қарсаңында қашып кетуге тырысады. Ауырып қалсам ба немесе іс сапарға кетіп қалсам ба деп ойланатындары да аз емес. Жоғарыда айтылып өткен себептерді айтар болсақ, неге қашпасқа?
Келесі қадам қалай болу керек...
Бұл мәселенің шешімі біреу-ақ, ол үшін сіз барлық күн маңызды екендігін жеткізе білу керексіз.
P.S Ең бастысы мынаны білуіңіз керек: 8 наурыз өткен күннен-ақ, сіз оның 364 күн бойы әлемдегі жалғыз сүйіктісі болатындығыңызды ұмытпаңыз.
Cуреттер: depositphotos.com