Қазақстандықтар наурыз айында қанша күн демалады?

Қазақстандықтар 2021 жылдың наурызында 19 күн жұмыс істеп, 12 күн демалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірінші мереке – Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз). Дүйсенбіге тура келгендіктен, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады. 

Наурыз мейрамы кезінде ел тұрғындары бес күн демалады. 20 наурыздан 24 наурызға дейін. Ресми демалыс күнінің бірі жексенбіге түсіп тұрғандықтан демалыс сәрсенбіге ауысады.