Массагет ұжымы құттықтайды

Массагет ұжымы құттықтайды
Фото: youtube.com

Міне, бүгін самарқанның көк тасы еріп, наурызек ұшып келіп табиғат жаңарып, дүние жасаруда. Бұл күнді ежелден ата-бабамыз табысудың, кешірудің, қуаныштың күні деп есептеген. Болашақтың иесі келер ұрпаққа ізгі өнеге, жақсы тәлім-тәрбие көрсеткен. Ұлттық дәстүріміздегі ойындарымыз ойналған. Киіз үй тігіліп, наурыз көже пісіріліп, бір бірін қонаққа шақырып мәз-мейрам, арқа-жарқа болған. Өткен жылғы барлық өкпе-реніш ұмытылған. Бір сөзбен айтқанда табиғатпен бірге жаңарып жасарған.

Алтайдан атырауға дейінгі барша қазақ жұртын келіп жеткен жаңа жыл, әз наурыз мерекесімен Массагет ұжымы құттықтайды. Осындай атаулы күнде сіздердің отбасыларыңызға бірлік-береке, жұмыстарыңызға табыс, дендеріңізге саулық тілейміз. Ұлыс оң болсын, ақ молсын. Еліміздің дамуы мен жаңаруына қосып жатқан үлестеріңіз өткен жылғыдан да жемісті болғай. Жұртымыз аман-еліміз тыныш болсын.

Т. Раушанұлы