Массагеттен мәзір: "Бәйшешек" салаты

8 наурыз мерекесінде аруларға ең көп сыйланатын гүл - бәйшешек. Қыздар мерекесінің басты бөлшегінің үлгісінде дәмді салат әзірлеуге болады. Бұл салат мерекеге сай көңіл-күй тудырып, әдемі қыз-келіншектерді қуантып қояры сөзсіз.

Құрамы:

5 тал сопақша келген қызанақ; 4 тал кішкене қияр; көк пияз (бір орам); 200 грамм сүзбе; тұз, бұрыш; бір шөкім кептірілген насыбайгүл (базилик) Қызанақты екі жағынан ортасына дейін айқыштап кесеміз; Қызанақтың өзегін кішкене қасықпан мұқият алып тастаймыз; Қиярды үккіштен өткіземіз немесе ұсақтап тураймыз; Қиярға сүзбені қосып, тұз, бұрыш және насыбайгүл себеміз. Мұқият араластырамыз; Қоспаны кішкене қасықпен қиярдың ішіне саламыз; Қызанақтарды көк пиязбен әрлейміз. Салатымыз дайын. Ас болсын! 

Массагеттен мәзір: "8 наурыз" салаты

Ас үйде болған: Анар Мұстафина