- Негізгі бет
- 8 НАУРЫЗ 2014
- 8 наурызға арналған...
8 наурызға арналған нақыл сөздер
Аруларымызды, ардақтыларымызды келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтай отырып, бірқатар қызықты ойларды ортаға салғымыз келеді.
* * *
8 наурыз – әйел заты барлық қошеметке лайық жалғыз күн.
* * *
8 наурыз – әйелге бағынатын күн.
* * *
8 наурыз – әйел өзгерсе, әлем өзгеретін күн.
* * *
8 наурыз – әйел барлық кінәңді кешіретін күн, егер...
* * *
8 наурыз – әйел заты ең бақытты, сондай мейірімді әрі ұрысқақ емес күн.
* * *
8 наурыз – ердің құрығына түсетін күн.
* * *
8 наурыз – қалта тоналатын күн.
* * *
8 наурыз – бір сөзбен айтқанда, ерлердің "күні"
* * *
8 наурыз – ерлерге барлық әйел ұнайтын күн.
* * *
8 наурыз – әйелдің тілегі қаралатын күн.
* * *
8 наурыз – ерлердің өтірігіне көнетін күн.
* * *
8 наурыз – жалғыздықты ұмыттыратын жалғыз күн.
* * *
8 наурыз – ақымақ ердің ақылдыдан озатын күні.
* * *
8 наурыз – гүлдердің санына қарай күндерді сатып алатын күн.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: vk.com
Л. Лига