- Негізгі бет
- 8 НАУРЫЗ 2014
- 8 наурызда өтетін...
8 наурызда өтетін іс-шаралар
Өздеріңізге 8 наурыз мерекесі қарсаңында Алматы қаласында өтетін ауқымды шаралар мен концерттер тізімін ұсынған болатынбыз. Бүгін, онан да басқа әртүрлі шаралар легімен таныстырмақпыз. Мерекені қызықты өткізу өзіңіздің қолыңызда...
Франция күні мен 8 наурыз мерекесі бір күнде атап өтіледі. Мереке түні Қазақстандағы Франция жылына байланысты Шымбұлақта барлық қыз-келіншек үшін тегін сырғанау мүмкіндігі беріліп отыр. Осы шараға француз композиторы әрі әншісі Джонатан Дассен қатысады.
Алматы қаласында хайуанаттар циркі басталады (8-30 наурыз аралығы). Цирк алаңынан африка арыстандарын, моңғол түйелерін, шотландиялық құландарды, үйретілген иттерді, қылжақбастарды көре аласыздар. Билет бағасы: 1000-4000 теңге аралығы.
Esentai Mall сауда орталығында сіздерді әртүрлі тосын сыйлар мен ойын-сауық бағдарламалары күтіп тұр. Мұнда өзіңізді күтуге арналған рәсімдермен танысып, табиғи косметикаларды тәжірибеден өткізе аласыздар. Сондай-ақ, гүл күтіміне, гүл шоқтарын безендіруге байланысты шеберлік-сыныптар өтеді. Соңғы киім сәні туралы ақпараттар да беріледі. Балаларға арналған бағдарламалар да қамтылған.
Медеу орталығы да нәзік жандыларымызды назардан тыс қалдырмайды. Бұл күні мерекелік концет ұйымдастырылып, Қазақстандағы еғ жас мәнерлеп сырғанаушылар өнер көрсетеді. Басқа да тосын сыйлар уәде етілуде. Tengri FM радиосымен бірге көктемгі рок-н роллды тыңдауға мүмкіндік беріледі. Олимпиада чемпиондары Денис Тен, Наталья Бестемьянова және Андрей Букиндер барлық қыз-келіншекке құттықтауын арнайды.
Басталуы: 12.00. Әйелдерге 50% жеңілдік қарастырылған.
"Атамекен – ата-бабамыздың жері"
"Сымбат" сән академиясы мен "Арт Самал" Галереясы суретші Балнұр Асанованың арт-жобасының ашылуына шақырады. Галерея 5-25 наурыз аралығында жұмыс істейді. Демалыс – жексенбі.
Сондай-ақ, Алматы және Шымкент қалаларындағы Мега сауда орталығындағы мұз алаңдарында мерекелік концерттер мен байқаулар өтеді. Әдемі әуен мен мұз бетіндегі сырғанақ 8 наурызды қуанышты көңіл-күйде қарсы алуға септігін тигізеді.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: вк