Үздік спортшы қыздар

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Массагет ұжымы сіздердің назарларыңызға еліміздің үздік 8 әйел спортшысын санамалап бермек. 

Динара Сәдуақасова. Әлемнің ең жас гросмейстері. Шахматтан жастар арасындағы Әлем чемпионы

Анна Алябьева. Көркем гимнасшы. Лондон Олимпиадасының қатысушысы. Бүгінде көркем гимнастикадан Қазақстанның ұлттық құрамасының бапкерлер қосынында. 

Сана Жарлығасова. Волейболшы. Волейболдан Қазақстан волейбол құрамасының мүшесі. Волейболдан Қазақстанның екі дүркін чемпионы.

Ольга Рыпакова. Жеңіл атлет. Гауһар Лига мен Лондондағы Олимпиада ойындарының жеңімпазы. 

Светлана Подобедова. Ауыр атлет. Лондон Олимпиадасының чемпионы. 2012 жылы Францияда өткен Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері. 

Майя Манеза. Ауыр атлет. Лондон Олмпиадасының чемпионы. Әлем чемпионатының алтын жүлдегері.

Зульфия Чиншанло. Ауыр атлет. Лондон Олимпиадасының жеңімпазы. 2012 жылғы әлемнің үздік ауыр атлеті. 48 келі салмақта Әлемнің рекордын орнатқан. 

Марина Вальнова. Боксшы. Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: vesti.kz