- Негізгі бет
- 8 НАУРЫЗ 2013
- Өнер жұлдыздары 8...
Өнер жұлдыздары 8 наурыз мерекесімен құттықтайды
Ғаділбек Жанай, әнші:
Ақ жаулықты әже-аналарымызды, аяулы әпке-жеңгелерімізді, ерке қарындастарымызды 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің шуақты күндеріндей әрдайым жадырап-жайнап жүре беріңіздер! Әр атқан таң сіздерге мол қуаныш, үлкен бақыт пен шексіз шаттықтар сыйласын! Мереке құтты болсын!
Ердос Қанаев, «Жігіттер» квартетінің әншісі:
Аса қадірлі аналар, жеңгелер, әпкелер, қарындастар, арулар! Баршаңызды көктемнің ең алғашқы қуанышты күндерінің бірі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын! Жүздеріңізден жылулық, жүректеріңізден шуақ кетпесін! Алла сіздерге екі дүниенің бақытын көруге нәсіп етсін!
«Қыран» тобы:
Барша аяулы аруларымызды, әпке-жеңгелерімізді, ана-әжелерімізді төл мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ашық аспан, бақ-береке және игі жақсылықтарды тілейміз. Көктемнің шуағындай әр кез күлімдеп жүре беріңіздер!
Тоқтар Серіков, әнші:
Көктем мезгілінің ең керемет мерекелерінің бірі келе жатқан 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен бүкіл әлемдегі барша аналарымызды, әпке-жеңгелерімізді, қарындастарымызды құттықтаймын! Көктемдей құлпырып, ортамызда жадырап-жайнап жүре беріңіздер! Әйел заты тек үйдің егесі ғана емес, барша әлемнің тіргеі деп ойлаймын. Сондықтан қабақтарыңызды мұң шалмасын! Аналарымыз аман болсын дегім келеді! Мереке құтты болсын!
Өнер жұлдыздарының ақ тілектерінің толық әрі телевизиялық нұсқасын 8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі күні СТВ арнасынан тамашалай аласыздар!
Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Суреттер: shymkent.otyrar.kz, musiclife.kz, olender.kz, hameleons.kz
Ғ. Ұзақ