8 Наурыз қарсаңына жігіттердің қолынан келетін оңай мәзірлер топтамасын жалғастырамыз. Бүгін назарларыңызға 5-10 минутта дайын болатын, микротолқынды пеште пісірілетін шоколад кексімен таныс боласыздар. Мұндай тәтті 8 Наурыздағы романтикалық астың керемет соңы болмақ.
Құрамы:
ұн - 4 ас қасық; какао ұнтағы - 2 ас қасық; қант - 2 ас қасық; жұмыртқа - 1 дана; сүт - 3 ас қасық; сұйық май - 3 ас қасық; ванилин - 1/4 шай қасық; шоколад - бірнеше тілім; 1 үлкен стақан.Дайындаған: Сания Аринова