- Негізгі бет
- 8 НАУРЫЗ 2013
- Мәзір: Микротолқынды пеште...
Мәзір: Микротолқынды пеште пісетін шоколад кексі
8 Наурыз қарсаңына жігіттердің қолынан келетін оңай мәзірлер топтамасын жалғастырамыз. Бүгін назарларыңызға 5-10 минутта дайын болатын, микротолқынды пеште пісірілетін шоколад кексімен таныс боласыздар. Мұндай тәтті 8 Наурыздағы романтикалық астың керемет соңы болмақ.
Құрамы:
| |
Шоколадты блендермен, үккішпен не пышақ көмегімен ұнтақтаймыз. | |
Үлкен стақанға ұн, како, қантты салып, араластырамыз. | |
Үстінен жұмыртқаны жарып құямыз. Түбінде ұн түйірлері қалмайтындай араластырамыз. | |
Сүт пен сұйық май, ванилин мен ұнтақталған шоколад қосып араластырамыз. | |
Микротолқынды пешке ең жоғарғы қуатына 3 минутқа қоямыз. Кекс көтеріліп, пеш өшкеннен кейін қайта отырады. Кексты осы стақанмен берсеңіз, не басқа ыдысқа салып берсеңіз болады. |
Дайындаған: Сания Аринова
С. А