- Негізгі бет
- 8 НАУРЫЗ 2013
- Еркін Мәулен 8...
Еркін Мәулен 8 наурызға сыйлық таңдады
Еліміздің танымал әншісі Еркін Мәулен 8 наурызға қызу дайындық үстінде. Бүгінде ол Алматыдағы үлкен сауда орталығы Mega-ға келіп, өз аруына сыйлық іздемекші.
Еркін біздің оқырмандарға 8 наурызға сыйлық алу бойынша кеңес береді.
"Ең бастысы - гүл!" деген сөздермен Еркін гүл дүкеніне кірді. Оның айтуынша, гүл - 8 наурыздағы сыйлықтың басты бөлігі. Оның кімге сыйланатындығына байланысты түсі мен түрі дұрыс таңдалуы керек.
Дүкен сатушыларының көмегімен Еркін анасына арналған гүл шоғын жинады.
"Қызыл түс − махаббат түсі. Қанық қызыл түсті гүлді сүйіктіңізге сыйлаған жөн, ал ашық қызыл түсті гүлді мен сияқты анаңызға тарту етсеңіз болады", - дейді Еркін.
"Раушандар мен лалагүлдер - махаббаттың, құрметтің белгісі", - дейді Еркін. Бұл гүл шоғы Еркіннің анасының көңілінен шығатындығына еш күмәніміз жоқ.
Осы жерден кішігірім сыйлық та алып үлгерді. "Сыйлық таңдағанда әр адамның ерекшелігін есепке алған дұрыс", - дейді Еркін. "Бастысы сол адамға деген махаббат пен шын ниет".
"Тәттілер - кез келген арудың құмарлығы. Ал мынандай әдемі, мерекелік тәттілер тіпті керемет болады!" - деген сөздермен Еркін үлкен кәмпиттер жинағын таңдады.
"Сыйлық алуды соңғы күндерге қалдырмай, мерекелік қарбаластан құтылып, алдын ала дүкенге кіріп шығыңыз", - деп кеңес береді ол.
Ал сіз, нәзік жанды жақындарыңызға сыйлық алдыңыз ба?
Аталған жобаны СТВ телеарнасының ұжымымен бірлесіп Массагет порталы жүргізді. Репортаждың телевизиялық нұсқасын бүгін, сағат 21.00-де СТВ телеарнасынан тамашалай аласыздар.
Дайындаған және суреттерді түсірген: Сания Аринова
Видео: Ардақ Құлтай
А. Құлтай