8 наурызға орай блогшылар байқауын жариялаймыз!

8 наурызға орай блогшылар байқауын жариялаймыз!

Қымбатты Массагет порталының қолданушы жігіттері! 8 наурыз халықаралық әйелдер мейрамына орай байқау жариялаймыз! 8 наурыз арулар мерекесінде Массагеттің жігіттері әлемнің ең әдемі жаратылыс иелерін қаншалықты құрметтеп, аялайтындықтарын көрсетіп, байқауға белсене қатысады деген үміттеміз. 

Байқау шарты

8 наурыз мерекесіне байланысты әр қолданушы жігіт Массагеттегі өзі қалаған бір қолданушы аруды таңдап, соған сыйлық жасайды. Сыйлығын блог түрінде жазып, "Байқау" бөліміне жариялайды. "Байқау" "Блогтар" бөлімінде тұр. 

 

Массагеттің барлық қыз-келіншектері құттықтаудан шет қалмауы үшін әр жігіт өзі бір нәзік жандыны таңдап, соған арнап құттықтау жазуы керек. Құттықтауды қандай етіп әрлеу жігіттеріміздің өз еркінде. Кімге арнап сыйлық блог жазатындарын жігіттер осы жазбаның астына пікір ретінде қалдырулары керек.

Сыйлық блогын жазу үшін блогтардағы "Байқау" тетігін таңдайсыз. Яғни блогыңызды жазып болған соң, оны мына суреттегідей етіп "Байқау" бөліміне орналастырасыз. Жазбаның мазмұнын байқауға қатысушының қиялына қалдырдық. 

Ең әдемі құттықтауды қолданушылардың дауысы мен редакция мүшелері таңдайды. Қолданушылар өз дауыстарын лайк батырмасын басу арқылы бере алады. Лайк жинаған блогтар ғана редакция талқысына түсетін болады. 

Жүлдегерлерді бағалы сыйлықтар күтеді. 

Байқау қорытындысы 8 наурыз күні жарияланатын болады. Іске сәт! 

сурет: blogoseo.blogspot.com 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

М. Оңғарова