8 наурызға мәзір: Романтикалық таңғы ас

8 наурыздағы сүйікті аруыңызға алғашқы сыйлық осындай романтикалық таңғы ас болсын. Қарапайым қуырылған жұмыртқаға пішін беру арқылы сыйлық жасап, сүйіктіңіздің көңілін таңменен көтеріңіз.

Құрамы: 

жұмыртқа - 2 дана; шұжық - 2 дана; сары май; тұз, дәмдеуіштер; Шұжықты тігінен бөлеміз. Шұжықтардан тіс шұқығыш көмегімен жүрек пішінін жасаймыз. Қызған табаға сары май ерітеміз. Жүрек пішінді шұжықты табаға салып, ортасына жұмыртқа жарамыз. Жұмыртқа сарысы жарылып кетпеуін қадағалаңыз. Тұз, дәмдеуіштер қосамыз. 5 минутта романтикалық таңғы ас дайын болды! Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Сания Аринова