8 наурыздағы сүйікті аруыңызға алғашқы сыйлық осындай романтикалық таңғы ас болсын. Қарапайым қуырылған жұмыртқаға пішін беру арқылы сыйлық жасап, сүйіктіңіздің көңілін таңменен көтеріңіз.
| Құрамы:
| |
| Шұжықты тігінен бөлеміз. | |
| Шұжықтардан тіс шұқығыш көмегімен жүрек пішінін жасаймыз. | |
| Қызған табаға сары май ерітеміз. Жүрек пішінді шұжықты табаға салып, ортасына жұмыртқа жарамыз. Жұмыртқа сарысы жарылып кетпеуін қадағалаңыз. Тұз, дәмдеуіштер қосамыз. | |
| 5 минутта романтикалық таңғы ас дайын болды! Астарыңыз дәмді болсын! |
Дайындаған: Сания Аринова
С. А