Нәзік жанды арулар үйдің берекесін келтіріп қана қоймай, ер атаулының сұр әлемін әрлеп тұратын әшекей іспеттес. Сол себепті ерлер таңдаған жан жарларын әрдайым қадірлеп, қамқор болуы тиіс. Және 8 наурыз ерекше ілтипатын білдіріп қалуға жақсы мүмкіндік. Ал сүйген қызыңызды немен таң қалдыра аласыз?
Гүл
Гүл – көктемнің сегізінші күнінің ажырамас белгісі. Қызыңызға міндетті түрде гүл сыйлаңыз. Бұл қарапайым гүл шоғы болуы мүмкін, үлкен гүл шоғы болуы мүмкін немесе раушан жапырақтарынан жасалған шашу болса да керемет.
Өз қолыңызбен жасалған сыйлық!
Сурет салатын рамка болсын, ваза болсын, ең бастысы өз қолыңызбен жасасаңыз, құрбыңыздың көңілінен шығатыныңыз анық. Тіпті қарапайым шамдарды әрлеп, жағып қойсаңыз да әсерлі болады.
Үш сағатқа лимузин
Қыздың таң қалдырудың бір әдісі – түнгі қалада лимузинмен серуендеу. Көліктің салонын өз қалауыңызша әрлеп, ал аққайнар мен талғамды әуен кешті әсерлі ете түспек.
Мекенжайды өзгертіңіз
Сүйіктіңізбен қаланың сыртына шығып, демалыс орнына барыңыздар. Немесе тауға шығып, қыдырыңыздар. Ең бастысы үйреншікті ортада болмағандарыңыз абзал.
Шоппинг
Қыздардың 80%-ы шоппингпен ауырады. Сондықтан оны сауда орталығына апарып, бір кешке демеушісі болыңыз. Оның бар қалауын сатып әперсеңіз, бір мезетте көз алдында батыр болып шыға келесіз.
Бірге түскен суреттеріңізден құралған күнтізбе жасаңыз
Әр айдың әрбір бетінде түрлі суреттеріңіз салынған бір жылға аспалы күнтізбе жасатыңыз. Мұндай қызметті жасату қиын емес.
Жұлдыз сыйлаңыз
Қазір Интернетте жеке меншікке жұлдыз сататын сайттар өте көп. Яғни, өзіңізге ұнаған жұлдызды таңдайсыз да, сайтта тапсырыс жасайсыз, кейін олар сізге сатып алғандығыңыз жайында сертификат жібереді. Сонымен қатар, ол жұлдызға сүйіктіңіздің атын берсеңіз, ортақ каталогта сол атпен сақталатын болады.
Әуе шарымен сөз айту
Өте үлкен қорап алыңыз да, сыртын сыйлықтарды орайтын қағазбен әрлеңіз. Қораптың ішін гелийлі әуе шарларымен толтырыңыз, кейін жүрек пішіндес шарды алыңыз да, оны да гелиймен толтырыңыз. Бірақ басқа шарлардан бөлек оны ортасына қарай жайғастырып, жіппен қораптың түбіне жабыстырып қойыңыз. Сонымен бірге, шар қораптан шыққанда қызыңыздың көздерінің деңгейінде болу үшін жіптің ұзындығын қадағалаңыз. Әуе шарларына толған қорапты жабық күйінде сыйлаңыз. Сүйіктіңіз оны ашқанда барлық шарлар ұшып шығады да, жүрек пішіндес шар ғана қалады.
Экстрим
Егер сүйіктіңіз экстрималды спорт түрлерін сүйетін болса, пейнтболға апарыңыз. Қызыңызға қайда баратындарыңызды айтпаңыз, арнайы жерге келген кезде достарыңыз күтіп алып, қызықты кеш өткізуге болады.
Интернетте
Егер қалтаңыз көтеріп жатса, әлеуметтік желілердегі жарнама орнын сатып алып, құттықтау сөздерін және оның суретін іліп қойсаңыз болады. Ал ең жақсысы өз парақшаңызға екеуіңіз түскен суретті қойып, статусқа оны қатты сүйетініңізді жазу.
P.S. Және ең соңғы, ең таңқаларлық сыйлық! Бұл өте көп күшті және көп ақшаны талап етеді!
Көліктен шыққанда оған қолыңызды ұсыныңыз, ғимаратқа кірерде есігін ашып сүйіктіңізді бірінші кіргізіңіз, үстелге отырарда орындығын жылжытып отыруға көмектесіңіз, сырт киімін шешіп-киюге көмектесіңіз, оған барынша көп назар аударыңыз. Оның таңданысында шек болмайтынына сенімдіміз!
Және қыздарға ерекше қамқорлық пен күтім арнайы күн мен мезгілді талғамайтынын естен шығармаңыз!
Сурет: vk.com
Дайындаған: Анар Мұстафина