8 наурызда қандай фильм көруге болады?

8 наурызда қандай фильм көруге болады?

8 наурыз – Халықаралықәйелдер күні барша нәзік жандылардың мерекесі. Кейбіреулері өзінің екінші жартысанан сыйлық күтеді. Енді бірі құрбыларынан. Ал біреулері мерекені жақсы фильм тамашалап өткізгенді қалайды. Назарларыңызға нәзік жандылар хақында түсірілген фильмдердің топтамасын ұсынамыз.

Москва слезам не верит (1979) 

Владимир Меньшовтың түсірген фильмі. Кинода 50-жылдары Мәскеулік үш әйелдің өмір баяны туралы айтылады. Бұл фильм 1981 жылы «Оскар» сыйлығының «Үздік шет ел» фильмі номинациясына ұсынылған. 

Все о моей матери/Todo sobre mi madre (1999) 

Испандық режиссер Педро Альмадовараның үздік туындыларының бірі. Киноның басты қаһараманы 17 жасар ұлынан айырылға әйел. Ұлы анасын өте жақсы көрген. Дегенмен өмірден өткенше әкесі туралы білуді армандайды. Бұл фильм кезінде Еуропада бірнеше кино саласындағы жүлдеге ие болған. Ал Педро Альмадовараға осы лентасы үшін «Үздік режиссерлік жұмыс» деген атақ та берілген.

Часы/The Hours (2002)

Үш әйелдің бір күндік өмірі туралы кино. Үш әйелде әр кезеңде өмір сүрген. Дегенмен фильмде үшеуінің басын бір кітап біріктіреді. Николь Кидман бұл кинода британдық жазушы Вирджиния Вульфтың рөлін сомдайды. Ол «Миссис Дэллоуэй» атты кітап жазып шығады. Бірақ бұл кітаптың аты кейінірек «Сағаттар» (Часы) болып өзгертіледі. Екінші әйел Лора Браун (Джулиана Мур сомдаған.) 1951 жылдары осы кітапты оқып, есінен адасады. Біздің заманымыздағы кейіпкер Мэрил Стрип (Кларисса Воган сомдайды) Лора Браунның қатты науқас ұлы, әрі сүйгеніне қамқорлығы туралы айтылады. Бұл фильдегі Вирджиния Вульфтың рөлін содағаны үшін Николь Кидман «Оскар» сыйлығын алған.

Пианино/The Piano (1993) 

Сөйлей алмайтын әйелдің ұлы махаббаты туралы фильм. Бұл кейіпкерлі еркектердің өзі қалай сую керектігін де білмейді. Кино барысында басты қаһарман махабббат сезімін, мейірімділікті, адалдықты әйел махаббатын, эмоцияны бір ауыз сөйлемей-ақ беруге болатынын дәлелдеп шығады. Әйелдің көзқарасы, күлкісі, әйел жылулығы расымен де әлемдегі ұлы сезім екенін еске түсіреді. Фильм қаһармандарының бастап өткерген қиыншылықтары үш рет «Оскар» сыйлығымен марапатталған.

 8 женщин/8 Femmes (2002)

Франсуа Озоннның мюзикл флиьмі. Лентада комедия жанры да бар. Фильмде бір әйелдің сегіз қырын көрсетеді.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: afisha.bigmir.net және hameleons.com

Ю. НИКУЛЛИН