Ердің қолымен жасалынған кешкі ас - арулар күніне ең керемет сыйлық. Жылына бір рет қана болса да, ас үйде уақыт өткізіп, сүйіктіңізге, анаңызға, қарындасыңызға, әпкеңізге тосын сый жасаңыз. Ал біз сіздерге ең оңай, тез даярланатын, аспаз болуды талап етпейтін қызықты, мерекелік мәзірлердің бірі - ірімшік бәлішін ұсынамыз.
Құрамы:
ірімшік - 500 гр; жұмыртқа - 3 дана; қоюлатылған сүт - 1 банка.
Ірімшікті әбден езіп, жұмыртқа мен қоюлатылған сүтке қосамыз, араластырамыз.
Дайындаған: Сания Аринова