8 наурыз. Мәзір: Ірімшік бәліші

8 наурыз. Мәзір: Ірімшік бәліші

Ердің қолымен жасалынған кешкі ас - арулар күніне ең керемет сыйлық. Жылына бір рет қана болса да, ас үйде уақыт өткізіп, сүйіктіңізге, анаңызға, қарындасыңызға, әпкеңізге тосын сый жасаңыз. Ал біз сіздерге ең оңай, тез даярланатын, аспаз болуды талап етпейтін қызықты, мерекелік мәзірлердің бірі - ірімшік бәлішін ұсынамыз. 

Құрамы:

  • ірімшік - 500 гр;
  • жұмыртқа - 3 дана;
  • қоюлатылған сүт - 1 банка.
Жұмыртқаны қоюлатылған сүтпен араластрамыз. Миксер қолданған жөн.

 

Ірімшікті әбден езіп, жұмыртқа мен қоюлатылған сүтке қосамыз, араластырамыз.

Осындай бірқалыпты сұйық болуға тиіс. Пісіру пішініне май жағып, "қамырды" құямыз.
Төмен температурада (160 градус) пісіру пешіне 40-45 минутқа қоямыз.
Бәліш дайын, ас болсын!

Дайындаған: Сания Аринова

С. А