8 наурыз. Мәзір: Рафаэлло

Өз қолыңызбен жасалған рафаэлло тәттісі сүйікті аруыңызға керемет сыйлық болмақ.

Құрамы: 

тәтті жүгері таяқшалары - 60 гр; қоюлатылған сүт - 200 гр; жаңғақтар; кокос жоңқасы.  Жүгері таяқшаларын еттартқыштан өткіземіз. Оған қоюлатылған сүтті қосып араластырамыз. Қою массадан кішкене дөңгелектер илеп, ортасына жаңғақ саламыз.  Кокос жоңқасына малып, тоңазытқышқа бір сағатқа саламыз.

Дайындаған: Сания Аринова