Ғасырлар бойы адамзат баласы әлемді тұрғызатын, оны өзгертетін - тек қана еркектер және білектілер мен бөріктілер ғана көшбасшылыққа, билікке лайықты деп келді. Ал қоғам мен ғұрып ешбір әлеуметтік жағдайына қарамастан, күллі әйел қауымына екі ғана мақсат айқындап берген болатын: тұрмысқа шығу және өмірге ұрпақ әкелу.
Сонда да, нәзік жандыларымыз тарих беттерінен тыс қалған емес, олар өздерінің сұлулығымен және ақылымен әлемнің, жеке адамның, тұтастай бір мемлекеттің тағдырына ықпал ете білді. Олар үшін жойқын соғыстар басталып, мыңдаған адамдар бақилық болды. Олар үшін өлді, өлтірді, өмір сүрді, мүмкін емес дүниелер, небір ауыр күнәлар жасалынды. Олар - сұлу, жұмбақ, ақылды-айлакер, ержүрек, батыр, қайратты, қайсар, өздеріне сенімді өз өмірлерінің қожайыны. Ең мықты деген еркектер олардың аяқтарының астындағы құлы болды, оларды өзге әйелдер жек көрді, қарғады. Тек 8 наурыз сияқты мерекелерде ғана емес, өмір бойы аялады, сүйді. Әйел - жар да, келін де, ана да және жақсы қызметкер, үздік басшы да бола алды. Олар кімдер дейсіз бе? Ендеше, 8 наурыз қарсаңында осы бір мықты әйелдермен таныс болыңыз!
Аңыз әйел
Сұлулық пен махаббат патшайымы
Елена - "Адамзат - сұлулықтың құлы" деген сөздің дәлелі болатын бірден-бір образ. Әлемнің ең мықты деген патшаларын аяғына жығылдыра білген сұлу туралы білмейтіндеріңіз жоқ шығар... Ол туралы атақты Гомер "Иллиада", "Одиссей" атты поэмаларында әдемі жырлайды. Аузынан ана сүті кетпеген ханзада Паристі ес-түссіз ғашық еткен Елена - Атрид Менелайдың жары. Ол үшін атақты Троян соғысы басталып, Троя патшалығы күл-талқан болып, жер бетінен жойылып кетті.
"Орлеан қызы"
Жанна д’Арк (1412 - 1431) - француздардың ұлттық батыры, жүзжылдық соғыс (1337 — 1453) кезінде француз халқының ағылшындарға қарсы азаттық күресін басқарған қолбасшы. Шаруа отбасында дүниеге келген. Он үш жасынан бастап атағы шыққан батыр қыз Орлеан жеріндегі соғыстарда көзсіз ерлік көрсетіп, Франция королімен бетпе-бет кездескен. Жанна д’Арк басқарған жасақ үлкен жеңістерге жетіп, 1429 жылы 8 мамырда ағылшындардың қолында болып келген Орлеан қаласын азат етті. Осы еңбегі үшін халық оны "Орлеан қызы" деп атап кетті.
"Елінің айы"
Тірі аңыз
Елизавета II – әлем тарихының тірі аңызы. Әлем халқы оны әлі күнге дейін британдық империяның нышаны ретінде қабылдайды. Қаншама билеушілер ауысты, небір қанды қырғын соғыстар өтті, мыңдаған елдер бұршақтай бытырап, жаңа мемлекет құрылды. Бірақ, Британ ханшайымы мен монархия ғана өзгермеді.
Тақтағы 60 жыл - аз мерзім емес. Тарихта мұншама уақыт билікте отырған Тайланд королі ғана екен.
Жалғасы бар...
Суреттер: lesbi.nowbb.ru
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева