Наурыз айындағы мерекеге орай қазақстандықтар 8 күн демалады, деп хабарлайды Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстандықтар наурыз айында 8 күн демалады.
"8 Наурыз халықаралық әйелдер күні жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылды", - дейді ҚазТАГ агенттігіне берілген жауапта.
Одан бөлек, Қазақстан халқы Наурызда тағы да 5 күн демалады.
"Наурыз мерекесі 21 және 23 наурыз күндері тойланады. Ал 21 және 22 наурыз демалыс күндеріне сай келгендіктен, мерекелік демалыс 24 және 25 наурызға белгіленді", - деп атап өтті министрлік.
Заңға сәйкес, егер мереке күні демалысқа сәйкес келсе, келесі жұмыс күні демалыс болып белгіленеді.
Дереккөз: news.nur.kz
Сурет: forum.anastasia.ru