Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері атаулы мейраммен құттықтайды (Видео)

Көк желекті көктеммен бірге көңілге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, әпкелеріміз бен қарындастарымыздың төл мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйел-қыздар мейрамы. Ер азаматтар бұл күні гүл, сыйлық дайындап, анасының, қарындасының, сүйіктісінің жүрегіне қуаныш сыйлауға асығады. Біз де сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілей отыра, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ақ жаулықты аналарына арнаған құттықтауын ұсынамыз.

Сурет: astanainfo.net