- Негізгі бет
- 8 наурыз 2015
- 8 саны туралы...
8 саны туралы не білеміз?
Күнделікті өмірде қолданылатын 8 саны туралы тереңірек ойланып көрдіңіз бе? Оның сандық нұсқадағы ұғымынан тағы қандай салаларда қолданылуы мүмкін. Бұл туралы бізге нумерология ілімі мәлімет береді.
Жалпы сандық құрылымның таңбалануы ертеректе пайда болған. Айта кетсек, біз қазіргі кезден қолданатын таңба (8) негізінде «араб сандары» деп беріледі. Дегенмен оның тарихын шолып өтсеңіз, бұл сандық таңбалар көне үнді өркениетінде пайда болғанын білесіз. Ерте орта ғасырлардағы араб шапқыншылығы кезінде арабтар жаулап алынған аймақтың ғылымын өз еліне алып келуге тырысқан. Осы үдерістің барысында үнді сандары да араб ғылымына келіп, кейіннен бізге араб сандары ретінде танылып кетеді. Рим сандарының тарихы да осы тектес. Айта кетсек, қазіргі біз білетін Рим сандары (I,II,III,IV,V,VI,VII,VIII,IX,X) бастапқыда көне грек ғалымдарының құрастырған сандық жүйесі болатын. Олар Рим шапқыншылығы кезінде ғылыми жетістік ретінде еншіленіп алынған еді.
Жалпы сегіз санын әртүрлі салада негіздеп көрсетуге болады. Мысалы, ғылымда оттектің атомдық нөмірі, сонымен қатар, Күн жүйесінде небәрі сегіз ғаламшар (бұрын тоғызыншы болып саналған Плутон ғаламшары заманауи ғылымда Күн жүйесіне кіріктірілмейді) бар екені белгілі.
Музыка саласында, октет деп 8 орындаушыдан тұратын топты айтса, сегізінші музыкалық интервал октава деп аталады. Ал әлеуметтік желілерде сегіз (8) саны «маған бәрібір» немесе «менің оған қатысым жоқ» деген мағынада қолданылып жүр. Одан бөлек, саясатта «Үлкен сегіздік» деп әлемдегі ең дамыған сегіз елді біріктіретін топ құрылған. Қазақ әліпбиінде сегізінші әріп Е болса, латында Н әрібі жазылады.
Альпинизм саласында қосалқы қауіпсіздікпен қамтамасыз ететін құралды сегіздік деп атайды. Металл құралдың өзі сегіз пішініне болғандықтан, солай аталған болуы керек. Айта кетсек, көрші Қытай елінде сегіз саны сәтті болып саналады екен. Себебі Қытайдың кантон диалектінде санның айтылуы «гүлдену» сөзіне өте жақын екен.
Альпинистер қолданатын сегіздік
Расында бұл санның бір ерекшелігі бар сыңайлы. Табиғатта өтмекші тәріздес жәндіктердің аяқтары сегіз болса, шахмат ойынында да сегіз қатардың бар екені білесіз. Одан бөлек, әрбір ойыншының алғашында небәрі сегіз жаяу жүргіншісі болады. Ал жазық далада көрінетін көмпірқосақта жеті емес, сегіз түрлі түс байқалады екен.
Айта берсек, қазаққа киелі болған жеті санынан кейін тұратын сегіздің де өзіндік артықшылықтарға ие екенін пайымдаймыз. Ал сіз бұл сан туралы тағы қосарыңыз бар ма?
Сурет: www.sports.ru
Ж. Өрісбай