8 наурыз - әйел қауымы үшін де, ер адамдар үшін де ерекше мереке. Осы күні киімге ерекше мән беру керек, өйткені, "адам көркі - шүберек" емес пе? Бұл күні қыздар қауымы шашына, тырнағына, киімнің тазалығына мән беру керек. Тырнағыңызда маникюр, бетіңізде макияж болғанын қадағалаңыз. Шаш үлгісін де жасағаныңыз жөн. Ол үшін қалтаға салмақ салудың қажеті жоқ, интернеттен іздесеңіз, шаш үлгісін өз қолыңмен жасау жолдары толып жатыр. Мысалы, Массагет ұсынған шаш үлгісін анаңызға, әпкеңізге, құрбыңызға жасата аласыз.
Ал киімге келетін болсақ, кейде көшеге қыдыруға киетін киім таппай, дал боламыз. Өйткені сабаққа, жұмысқа киетін киім бірдей болып кетеді. Бұл олқылықтың орнын кардиган толтыра алады, өйткені ол күнде киетін шалбармен де, көйлекпен де үйлеседі.
Қызықты нұсқа - шілтер кардиган. Осындай кардигандар бейнеге ерекше нәзіктік береді. Шілтерлі киімдер қыздарға ғана арналып тігіледі, шілтер жігіттердің гардеробында болмайды. Ал жігіттер қыз баланың бойындағы нәзіктікті жоғары бағалайды.
Сәнді образ жасауға түстердің үйлесімділігі көмекке келеді. Бейнедегі таңдалған түстер бір-бірімен үйлесіп, бір-бірін толықтырып тұруы керек. Ашық түсті етек сіздің бейнеңізге нәзіктік үстейді.
Романтикалық образ әйелдің барлық бейнесін ашып көрсетеді. Бұндай сұлулыққа бей-жай қарау мүмкін емес. 8 наурызды салтанатты түрде тойлайтын болсаңыз, осы образды таңдауға кеңес береміз. Биік өкшелі аяқ киім сізге сенімділік береді.
Ал егер бұл киімдер гардеробыңызда болмаса немесе қалтаңызға қарасаңыз, бейнені дұрыс таңдалған стильді бір ғана затпен ашуға болады. Мысалы, қалпақ сатып алыңыз. Ол аса қымбат тұрмайды.
Немесе күн көзілдірігі көмекке келеді. Дұрыс таңдалған күн көзілдірігі – сізді сәнді әрі жұмбақ етіп көрсетуші аксессуар. Жалпы көзілдірік, қалпақ бейнеге құпиялық, тартымдылық береді. Голливуд жұлдыздары да осы аксессуарларды жиі пайдаланады.
Қазір сәнге шашқа тағатын шеңбер келіп жатыр. Әсіресе қолдан жасалған хенд мейд шаш шеңбері ерекше сұраныста. Трендтен қалмай, шаш шеңберін өзіңіз де тоқып алсаңыз болады.
Мүмкіндігінше 8 наурыз мейрамында әйелдер көйлек кисе, құба-құп. Көйлек таңдағанда нәзік, ашық түстілерін таңдаған дұрыс.
8 наурыз құтты болсын! 8 наурызда көктемдей құлпырып, гүлдей жайнап, әлемді сұлулыққа, нәзіктікке бөлеңіздер!
Сурет: vk.com, perchica.ru
Оқи отырыңыз:
Аруларға қандай сыйлық лайық?
8 наурыз. Мерекелік шаш өрімі
8 наурыз. "Әйел бақыты" дегеніміз не? (Видео)