8 наурыз. Сіз қандай сыйлық күтесіз? (Видео)

Көктемнің шуақты күні келіп, жанымызды жадыратты. Дүкендер мерекелік сыйлықтар мен гүлдерге толы. Жанымыздан өткен қыздардың қолдарында шоқ гүлдер. Айналадағы ілінген жарнамалар да гүлдермен безендірілген. Бұл сұлулықтың бәрі нәзік жандылардың мерекесінің құрметіне арналып жатыр. Сол себепті, арулар күні әркімге мерекелік көңіл-күй сыйлауда: оқушылар ұстаздарын, жігіттер сүйгенін, ағалары қарындастарын, інілері әпкелерін, балалары апа-аналарын, енді біреулері әріптестерін әртүрлі амал-тәсілмен құттықтау үстінде. Ал, аруларымыздың өздері өз күндерінде қандай сыйлық күтеді екен? Бұны білу үшін көктем құшағына бөленген Алматы аруларынан сұрап білдік, ал сіздер мына видеодан тамашалай аласыздар!

Сурет:Massaget.kz