8 наурыз мерекесіне арналған сценарий

Дүниені нұрландырар көктем мезгілі де санаулы күннен кейін есік қағады. Ал көктем мезгілінің ең бірінші мерекесі, ол – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні! Осы мерекеге орай бүгін біз сіздердің назарларыңызға мектеп қабырғасында өтетін құттықтау кешіне арналған сценарий ұсынамыз.

Кеш ұйымдастырушысы: Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нүрынан, ананың сүтінен таралған. Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі апалар, қызғалдақ қыздар бүгінгі мерекелік кешімізді сіздерге арнаймыз. Тақырыбы: «Ана – тіршіліктің тірегі!»

1-жүргізуші:
Қуанышы баланың -
Қуанышы ананың.
2-жүргізуші:
Қуанышы ананың-
Қуанышы баланың.
1-жүргізуші:
Бізді өсірген анашым,
Еңбегің де зор екен.
2-жүргізуші:
Құтты болсын, анашым,
Құтты болсын мерекең!

1-жүргізуші:

Қайырлы күн асыл аналар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

2-жүргізуші: 

Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды - дей келе ____ - сынып оқушыларының сіздерге арналған тартуларын назарларыңызға ұсынамыз.
(Оқушылар аналарға арнап өздері шығарған 1-2 шумақ өлеңдерін айтады)

1-жүргізуші:

Анам мені: «Айым» - дейді,
Мен мұңайсам, уайым жейді,
Анам мені: «Күнім» - дейді,
Мен қуансам, күлімдейді, - деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне _________________ орындауында «                  » атты әнін қабыл алыңыздар.

Сахналық көрініс: 
«Бәрінен жақсы» 
Бір кішкетай қыз көшеде шешесінен адасып қалыпты. Ол шешесін іздеп, бақырып жылайды.
- Сен жылама. Біз сені қазір шешеңе алып барамыз. Сенің шешең қандай еді? - деп сұрапты. Сонда қыз жылап тұрып:
- Менің шешем – ең жақсы адам, ол бәрінен де жақсы! - депті.

2-жүргізуші:

Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім», - дейтін. Ана дегеніміз - өмірдің  бастауымен  таусылмайтын жалғасы. Ана -тіршілік көзі, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі балалар. Ендеше, біздің оқушылардың ана туралы тағы бір әніне кезек береміз.

1-жүргізуші:
Болар күнде алаң,
Жанашыр кім саған?
Сынып: Анам

2-жүргізуші:
Болсаң егер жаман,
Кейитін кім саған?
Сынып: Анам

1-жүргізуші:
Таң қалғандай ғалам,
Кім ең сұлу адам?
Сынып: Анам

2-жүргізуші:
«Боташым» дер саған,
Кім сүйікті адам?
Сынып: Анам

(Ана туралы бейнебаян көрсетіледі)

1-жүргізуші:

«Отбасы - шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.

 Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

 Бишілер билеп кетті тербетіле.

 Аққудай қалықтаған теңіздегі,

 Бишілер өнерлерін көрсетуде, - деп мың бұралған бишілеріңізді қарсы алыңыздар.

(Би)

1-жүргізуші:

Ана деген – бастауы ұлылықтың.
Ана деген - рәмізі сұлулықтың.
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.
Олай болса _____________ қарсы алайық.
Дауысына сүйсініп тамсанайық.
Ерке ұлдың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
Ән: Орындайтын: _______________

2-жүргізуші:

Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын ___________ баласы бар.

(Көңілді тапқырлар клубының қысқа қойылымдары)

1- жүргізуші:

Тарихымыз да Домалақ Ана, Айша Бибі сияқты аналар болған. «Шығыстың қос шынары» атанған Әлия мен Мәншүкті де құрмет тұтып, әрқашан басымызды иеміз. Көрініс «Шығыстың қос шынары»

2 - жүргізуші:

Домбыра, күмбірлеші күніндей боп қазақтың.
Өзіңменен бірге жүргем ұзақ жолында азаптың.
Үніңменен жазылады жарасы,
Үніңменен жалғанады ұрпағым. Күй. Орындайтын _________________

1-жүргізуші:
Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей,
Ақ сүтіңді өтермін.

2-жүргізуші:
Көрсетемін күллі елді,
Жарық етем түндерді.
Өсіріп мен сыйлаймын,
Жұрт көрмеген гүлдерді, - дей отырып 8-наурыз мерекесіне арналған мерекелік концертімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.
Ән: "Әрқашан күн сөнбесін!"

Сурет: Мұқанов Марат

Оқи отырыңыз:

8 наурыз мерекесіне арналған сценарий

8 наурыз мерекесіне арналған сценарий – 2

8 наурыз мерекесіне арналған сценарий – 3

8 наурыз. Жастар кешіне арналған сценарий