8 наурыз. Қыздар туралы әндер

8 наурыз. Қыздар туралы әндер

Бүгінде қыздарға арналған әндер аз емес. 8 наурыз қарсаңында Мassaget.kz порталы аруларға арналған әндер топтамасын жинастырды. Қабыл алыңыздар!

Алматының арулары

Алматының арулары, ай-хай, қандай әсем!

Көз тоймайды қарағанда.

Жаңылмаспын ажарлары, пай-пай, таңдай десем,

Сәуле шашқан бар адамға.

 

Қайырмасы:

Бақытты өр мекен,

Алматым, сен ғанасың.

Әнімен тербеген

Қазақтың кең даласын.

 

Алматының арулары, ай-хай, аққу мүсін.

Алаулаған шырағың ба?

Тыңдағанда сыңғырлаған, пай-пай, шат күлкісін

Күй қалады құлағыңда.

 

Қайырмасы:

Бақытты өр мекен,

Алматым, сен ғанасың.

Әнімен тербеген

Қазақтың кең даласын.

 

Алматының сұлулары, ай-хай, көңілдегі

Ару Жібек, Ақ Баяндай.

Айтып қоям, жүрегімнің, пай-пай, төріндегі

Сырларымды, сақтай алмай.

 

Қайырмасы:

Бақытты өр мекен,

Алматым, сен ғанасың.

Әнімен тербеген

Қазақтың кең даласын.

па 

Ару қыздар

Ей, ару, ару қыздар, ару қыздар, елдің бағысыздар

Шіркін, қазақтың қыздары қымбатты, сымбатты

Ердің ерке жанысыздар.

 

Қылығы қандай, бұрымы қандай - беліне дейін төгілген

Көз тоймас көрік, сертіне берік, қазақи мінез көрінген.

Оятып әнді, баурайды жанды қарақат мөлдір көздерің

Тамыры ұлттың, жарығы жұрттың болашақ ана – өздерің.

Ей, ару, ару қыздар, ару қыздар, елдің бағысыздар

Шіркін, қазақтың қыздары қымбатты, сымбатты

Ердің ерке жанысыздар.

 

Сыңғырлап жатқан, сырғасын таққан қазақ қызымен мақтанам

Қазақ қыздарым, ғажап қыздарым, ажары айдай қазақ қыздарым.

Қадірлі қыздар, тәлімді қыздар тап-таза арын сақтаған.

Тербетіп бесік, перзенті өсіп, үмітін елдің ақтаған.

Ей, ару, ару қыздар, ару қыздар, елдің бағысыздар

Шіркін, қазақтың қыздары қымбатты, сымбатты

Ердің ерке жанысыздар.

па

Арулар

Айт дегенде өлеңді мен айтайын, ай-хоу!

Біз айтайық, сіздерді қуантайық, халаулім-ай!

Көңілдерге көктемді шақырайық, ай-хоу!

Махаббаттың ғұмырын ұзартайық, халаулім-ай!

 

Қайырмасы:

Арулар-ай, арулар!

Алқа моншақ тағыңдар.

Өздеріңді бір сүйген

Жігіттердің бағы бар.

 

Айт дегенде әсем ән біз айтайық, ай-хоу!

Аруларға арнауды жүз айтайық, халаулім-ай.

Сүйем деген жүректің лүпілімен, ай-хоу!

Сұлулардың ақ жүзін қызартайық, халаулім-ай.

 

Қайырмасы:

Арулар-ай, арулар!

Алқа моншақ тағыңдар.

Өздеріңді бір сүйген

Жігіттердің бағы бар.

а

Желідегі арулар

Ай, қыздар, қыздар, қылықтылар,

Жанымды жаулап күліп тұрар.

Ай менен күндей сәуле шашып,

Қайғы-мұңымды ұмыттырар.

 

Қайырмасы:

Оу, қыздар-ай,

Беу, қыздар-ай,

Жас жүректі сиқырлайсыңдар.

Оу, қыздар-ай,

Беу, қыздар-ай,

Ғашық етіп, беу, қорлайсыңдар.

 

Ай, қыздар, қыздар, қандайсыңдар?

Жүректің қылын қозғайсыңдар.

Вконтакте, Уатсапты отырып,

Неге бір жауап жазбайсыңдар?

 

Қайырмасы:

Оу, қыздар-ай,

Беу, қыздар-ай,

Жас жүректі сиқырлайсыңдар.

Оу, қыздар-ай,

Беу, қыздар-ай,

Ғашық етіп, беу, қорлайсыңдар.

 

Бейнеңді Инстаграмға салып,

Лайк басса, қаласың қуанып.

Суретке былай да, былай да түсіп,

Қыздар-ай, бос әуреге қалып.

Бар алтын-күмісіңді тағып,

"Мына суретім қалай?",– дейсің қуанып.

 

Қайырмасы:

Оу, қыздар-ай,

Беу, қыздар-ай,

Жас жүректі сиқырлайсыңдар.

Оу, қыздар-ай,

Беу, қыздар-ай,

Ғашық етіп, беу, қорлайсыңдар.

ап

Қазақтың арулары-ай!

Сымбатты, сұлу, ғажап тым,

Қыздары қандай қазақтың?!

Көрмесе сағындырған,

Көркімен табындырған,

Аққудай арулардың

Жолында жаным құрбан.

Қайырмасы:

Инабат парасаты 

Көркіне жарасады.

Ай-нұры арулардың

Таңменен таласады.


Мәрмәрдай аппақ мүсіні,

Сыйлаған үлкен-кішіні.

Жайдары, жазық маңдай,

Үнінен наз ұққандай.

Қазақтың арулары

Ибалы, нәзік қандай?!

 

Қайырмасы:

Инабат парасаты 

Көркіне жарасады.

Ай-нұры арулардың

Таңменен таласады.

ва

Қыздар-ай!

Ажарың көктемдегі ашық таңдай,

Жанарың түскен жанды жасытқандай

Жасыңнан жалын шашып жарқ еткенде

Қалады-ау қандай жігіт ғашық болмай, ғашық болмай.

 

Қайырмасы:

Е-е-й, қыздар-ай!

Гүлдейсіңдер,

Жүрмейсіңдер

Ғашық етпей.

Сендерсіз өмір бізге

Ұқсайды қоңыр күзге – қасіреттей   

 

Жалғанда қыз жүрмесе сылаң қағып,

Өмірім өтер еді тұманданып.

Жігітке ғашық болмай жүру күнә,

Ку қыздар асқақтайды мұны аңғарып, мұны аңғарып.


Қайырмасы:

Е-е-й, қыздар-ай!

Гүлдейсіңдер,

Жүрмейсіңдер

Ғашық етпей.

Сендерсіз өмір бізге

Ұқсайды қоңыр күзге – қасіреттей 

сурет: Massaget.kz мұрағаты

Е. Қайрахан