8 наурыз. Қазақстанның ең сұлу аруы кім?

Құрметті оқырман, сіздің ойыңызша еліміздің ең сұлу аруы атағына кім лайық? 

Өз дауысыңызды беріп, Қазақстанның ең сұлу аруын таңдаңыз. 

Жанар Дұғалова - әнші. 2014 жылы Қазақстанның атынан Turkvisіon жобасына қатысып, жеңімпаз атанды. Баян Есентаеваның "КешYOU" тобының мүшесі болып, "Ғашық жүрек", "Ғашық жүрек 2", "Махаббатым жүрегімде" сияқты тележобаларға қатысты. Сонымен қатар Жанар өзі өлең жазумен танымал, ол "Ізін көрем", "Бір сұрақ", "Қазақ қыздары" және "Асықпа" сияқты әндердің сөзін жазды. Жанар Дұғалова тек өлең емес, кітап жазумен де айналысуда. 

time.kz

Әлия Телебарысова (Әнуарбек) - актриса. Казақ-Америка университетінде "Халықаралық қатынас" мамандығын оқып, Лос-Анджелестегі нью-йорктік киноакадемияда "актерлік шеберлік" мамандығында білім алды. Ол ағылшын тілін оқып, жапон тілін меңгеруді жоспарлап жүр. Әлия жастайынан вокал сайыстарына қатысып, 15 жасында Ақан Сатаевтың "Ағайындылар" фильміне түсті. Сондай-ақ Әлия "Мисс Алматы-2011" атанды.

voxpopuli.kz

Әсем Жакетаева - әнші. Алғаш рет Әсем "SuperStar" жобасына қатысып, танылды. Содан соң 5 жылға көрінбей кетті. Мұндай үзілістен кейін ол сахнаға "Айлан" атымен қайта оралды, алайда біраздан кейін бұрынғы атымен шыға бастады. Қазірде Әсем көбіне актриса ретінде танылып жүр. Ол "Вузеры" сериалында ойнады.

ztb.kz

Бибігүл Сүйіншәлина - актриса. Бибігүл 8 жасында Мұрат пен Нұрланның "Жұлдызым" бейнебаянына түсіп, танымал болды. Ал 7 жасынан бастап модельдік агенттікте жұмыс істеді. Қазірде оның кинорепертуарында 10-нан астам фильм бар және оның көбінде ол басты рөлді сомдайды. Қазақстандық танымал актриса бүгінде Ресейде тұрады.

vk.com

Сабина Алтынбекова - волейболшы. Сабина 5 жасынан бастап биге қатысты. 15 жасында волейболға қызығып, "ҚазХром" командасында ойнап, аталған команданың капитаны болды. 17 жасында Қазақстанның жасөспірімдер құрамасына мүше болды. Азияның 17-жасөспірімдер арасында чемпионатында оны "ең сұлу волейбол ойыншысы" деп атады.

Massaget.kz

 

Айдана Меденова - әнші. Айдана 5 жасынан бастап ән айтады. Бала кезінде ата-анасы оны музыка мектебіне беріп, би үйірмесіне жазады. Оның ата-анасы да, аға, әпкесі де өнер адамдары. Әнші сондай-ақ сурет салумен айналысады. Ол "интерьер дизайнері" мамандығын тәмамдады. Айдана 2012 жылы Баян Есентаева ұйымдастырған кастингке қатысып, "КешYOU" тобына келеді. Сол уақыттан бері көптеген шараға, концерттерге қатысып, фильмдерге, бейнебаяндарға түседі. Қазірде Айдана топтан кетіп, сән индустриясына ауысты. Ол өзінің брендін қалыптастырып, жақында дүкенін ашады. Наурыз айының соңына қарай Айдана тұрмыс құрады.

vk.com

Гүлназ Жоланова - актриса. Гүлназ Баян Есентаева ұйымдастырған "Қазақ аруы-2014" байқауына қатысып, жеңімпаз атанды. Жастайынан биге қатысты. Ақтау қаласындағы экономикалық лицейді тәмамдап, Қазақ Ұлттық университетіне "Туризм" мамандығына түседі. Баян Есентаеваның "Махаббатым жүрегімде" телесериалында басты рөлді сомдап, көрермен назарына ілікті. Гүлназ оқуын бітіріп, Ақтау қаласына қайтуды жоспарлап отыр.

instagram.com

Динара Бақтыбаева - актриса. Сәкен Жолдастың "Сен және мен" фильмі дебюті болып саналады. Одан кейін ол "Нархоз" атты сериалға түсті. Қазірде ол бірнеше бейнебаянға қатысып, қоржынын толтыруда. Динара Алматы Энергетика және байланыс университетінің соңғы курсында оқып жүр.

season.kz

Кәмшат Жолдыбаева - әнші. Кәмшат "КешYOU" тобына мүше болып, "Ғашық жүрек" фильмі және "Тракторшының махаббаты" сериалында ойнады. Жақында ол топтан кетіп, жеке әртіс ретінде сахнаға шығуды жоспарлап отыр. Қазір ол Гоа штатында Баян Есентаеваның продюсерлігімен жаңа бейнебаян түсіруде.

alashainasy.kz

Аружан Жазылбекова - актриса. Аружан - тележұлдыз, әрі сәнбике, әрі журналист. Ол "Әсел және оның достары" сериалында басты рөлде ойнайды. ҚМЭБИ университетінің "журналистика" мамандығын тәмамдады. Сәнбике ретінде ол тек елімізде емес, Парижде де жұмыс істеді. Ол алдына мақсат қойып, оларға жету үшін көп еңбектенеді. 

yvision.kz

 

Басқы сурет: Илья Алешковский