8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аяулы аналарымыз туралы айтылған мақал-мәтелдерді топтастыруды жөн көрдік. Ендеше, бағзы заманнан бүгінге дейін мағынасын бұзбай жеткен ата сөздерін назарларыңызға ұсынамыз.
***
Ананы сыйламаған, ел қамын ойламаған.
***
Ақ шашты ана:
«Жастығым — балам» дейді.
Ақылды бала:
«Ай-күнім — анам» дейді.
***
Ана - барлық көркемділіктің үлгісі.
***
Ата - арым, ана - дәрім.
***
Анада үш бақыт бар: ожданы, бөбегі, ізгі еңбегі.
***
Анасыз үй - көңілсіз күй.
***
Анасы бардың панасы бар,
Анасы жоқтың көз жасы бар.
***
Балаңа көңілің толмаса, кемшілікті өз басыңнан іздей бер.
***
Ана ақылы ант, сөзі бал.
***
Ана ақылшы, ата үкімшіл.
***
Әке ақылы - бұлақ, Ана ақылы - шырақ, Аға ақылы - көмек, Іні ақылы - демеу.
***
Ата-анам бар болсын,
Аузы-мұрыны жоқ болсын.
***
Анадан артық дос бар ма?
Ашудан жаман қас бар ма?
Жиырма бестен жақсы жас бар ма?
Қымыздан тәтті ас бар ма?
***
Ата-ананың қарызы,
Ұрпақтың өмірлік парызы.
***
Жалғыз баласы атқа шапса,
Атасы ауылда тұрып
Тақымын қысады.
***
Ана жақсылығын,
Ауырсаң білерсің.
Қайын жақсылығын,
Қыдырсаң білерсің.
***
Ана алдында — құрмет,
Ата алдында — қызмет.
***
Ағайын — алтау,
Ана — біреу.
***
Ана алақанының аясы –
Ақ шынардың саясы.
***
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
***
Ананың сүті—бал,
Баланың тілі — бал.
***
Анаңа ауыр сөз айтпа!
Атыңа ауыр жүк артпа!
***
Ана сүтін ақтамағанды
ешкім мақтамайды.
***
Балапанды торғайлар
Өрт болмасын тілейді.
Балаларға аналар
Дерт қонбасын тілейді.
***
Баласыз ана — гүлсіз алма.
Сурет: ustazim.kz