Шәкәрім айтады: "Қожа, молдалар ескі әдетті қалдырамыз деп, Құрбан, Ораза айттарын Ұлыс күні дегізіп, Ұлысты – Наурыз дегізген. Жыл басының аты Ұлыс екенінің дәлелі мынау: "Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы болар" деген – тіпті ескі мақал". Наурыздың күннен де биік, айдан да кемел, жылдан да ауқымды тұтас дүниетаным екені ертеден белгілі болса керек. Наурыз жайлы білетініміз бір тоғыз, білмейтініміз тоқсан тоғыз. Ал сіз Наурыз мейрамын қаншалықты жақсы білесіз? Тесттен өтіп тексеріп көріңіз.