14 наурыз Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбеоблыстарында Амал мейрамы тойланады. Адамдар бір-бірімен қол алысып, құшақтасып, көріседі. Неге 14 наурыз? Ескі Юлиан күнтізбесі Григориан күнтізбесіне ауыстырылып, күндер 13 күн алға жылжыған. Бұрынғы күнтізбе бойынша 1 наурыз 14 наурыз болып шыға келген. Амал аталу себебі Хамал наурыз айының ескі парсыша атауы.Неге тек Батыста? Батыста ғана емес, Ресейдің Астрахань, Саратов, Орынбор, Қарақалпақстанның қазақтар көп қоныстанған жерлерінде де көрісу дәстүрі тойланады. Бұрындары еліміздің көп жерлерінде болған, бертін келе отаршыл саясат әсерінен ұмытылып қалған.Көрісу күні бұрын-соңды бір-біріне өкпе-назы бар ағайын-туыс араздастықты жойып, татуласып, табысады. Төс қағыстырып, мал-жанының амандығын сұрасып, қыстан аман-есен шыққандарына тәубе келтіреді.Бір жасыңыз құтты болсын!