Қазақстанда наурыз көжені дайындау Павлодар тұрғындарына қымбатқа шықпақ, деп көрсетілген аталмыш ұлттық тағамның құрамының құнына негізделген ҚазТАГ есебінде. Сонымен, Павлодарда Наурыз көжені әзірлеуге 1393 теңге кетеді.
Ал келесі қалалардың тұрғындары 1 мыңнан астам қаржысын жұмсайды: Талдықорған (1256 теңге), Петропавл (1092 теңге), Семей (1067 теңге), Орал (1062 теңге) және Астана (1015 теңге).
Ал 900 теңгеден 1 мыңға дейін шығындалатындар: Шымкент (979 теңге), Атырау (970 теңге), Өскемен (966 теңге), Тараз (951 теңге), Алматы (950 теңге), Ақтау (910 теңге).
Көкшетау (850 теңге) мен Қызылордада (883 теңге) 900 сомаға да жасауға болады.
Наурыз көже құнын есептеп шығару үшін осы тағамның негізгі құрамының бағалары ескерілді. Бұл ретте жеңілдетілген мәзір қолданылды: 0,5 кг жылқы еті, 0,2 кг күріш, 0,2 кг бидай, 2 жуа және 0,5 л айран.
Наурыз мейрамы 22 наурызда, көктемгі күн мен түн теңесін күні аталып өтіледі. Мереке дастарханында міндетті түрде Наурыз көже болуы керек.